№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тірек мектептің тынысы ашылды

Тірек мектептің тынысы ашылды

Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыруда оның заманауи материалдық техникалық құрал-жабдықтармен қамтылуы маңызды. Осы тұрғыда білім саласына тиісті ведомостволық орындардан бөлек қосымша қамқорлықтардың жасалуы көптеген жаңашылдақтарға жол ашып, тірек мектептердің тынысын аша түсті. Осы қатарға Жаңақорған ауданы орталығындағы №286 орта мектебін қосуға болады. Өйткені бұл оқу ошағы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері және “Қазақстан халқына” қоры бірлесіп, жүзеге асырып жатқан “Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту” жобасының қатысушысы болды.


 Бұл білім ошағы өткен жылдың қаңтар айында ашылған болатын. Қыркүйек айының басында ауданда бірінші болып аталмыш жоба аясында тың технологиямен толығып, пән кабинеттері инновациялық бағытта жаңадан жасақталған мектепте салтанатты жиын өтіп, оған аудандағы зиялы қауым өкілдері түгел дерлік қатысты.

Шараға арнайы келіп қатысқан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов ауыл мектептерін жан-жақты дамыту бағытында қор тарапынан атқарылып жатқан игі қадамдардың барлығы бағдарлы білім сапасын арттыратынын айта келе «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ұжымына ризашылығын білдірген аймақ басшысының Алғыс хатын табыс етті.

Одан әрі сөз алған аудан әкімі орынбасары Бектас Балғабайұлы бұл көрсетіліп отырған қамқорлықтар шәкірттер үшін зор қуаныш, сонымен қатар педагогикалық ұжымға үлкен міндет жүктеп отырғанын айтты. Алдағы уақытта аудандағы шағын комплектілі мектеп ұжымдары да осы жерден лайықты тәжірибе жинақтауға тиіс, сондықтан ұстаздарды ортақ талап тұрғысында ынтымақтаса жұмыс жасауға шақырды.

– «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан білім саласы бойынша өткен жылы 17, биыл 63 мектепті жабдықтадық. 40-тан астма жобалар бойынша әр өңірге 5 млрд-тан қаржы жұмсадық, – деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Алтынбекқызы. «Жақсыны көрмекке» дегендей, шараға жиналған жұртшылық жаңадан жасақталған білім ошағын түгелдей аралап көріп шығып, өздерінің алғыстарын жаудырды. Олардың қатарында ардагер-ұстаздар Аллаберген Ахметов, Ермағанбет Құлмағанбетов, руханият жанашырлары Әбибулла Шерімбетов және Алмас Омарұлы өздерінің ұсыныс-тілектерін білдірді.

300 орынға арналған аталмыш білім ордасында 36 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары бар, SТЕМ-лабораториялар, робототехника, арнайы арт-студия мен киностудия ашылып, акт залы мен кітапханасы заманауи техникамен жарақтандырылыпты.

Сонымен қатар бұл тірек мектебі алдағы уақытта Назарбаев зияткерлік мектебімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Сондай-ақ НЗМ педагогикалық шеберлік орталығы ауыл ұстаздарына арнап арнайы оқыту бағдарламасын өткізіп, мектептегі білім деңгейіне мониторинг өткізеді.

– Бүгін ауданымызда алдыңғы қатарлы, халықаралық деңгейде білім беруге материалдық тұрғыда мәртебесі теңелген тірек мектебінің негізі қаланды деуге болады. Бірақ одан да биік тұратын ұстаз ұлағаты, ұжданы, маңдай тері ғылым әлеуетіне дем беріп, бұрын болмаған ғажайып жетістіктерге қол жеткізе алғанда осынау телегей-теңіз қамқорлықтың жемісін көре аламыз. Сондықтан бұл келіп жатқан жаңалықтар біздер үшін зор қуаныш, екіншіден қаранар талап, қасиетті міндетті де қоса жүктейді, – деді мектеп директоры Ләззат Нәлібаева.
Ол өз атынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға зор алғысын жеткізді.

Баян Үсейінова 


12 қараша 2023 ж. 295 0