Миллионер мектеп
Жыл қорытындысы бойынша жыл бойы атқарған жұмыс нәтижесімен "Жылдың ең үздік білім беру ұйымы" атауын N286 орта мектебі иеленді. 1 миллион теңгенің жеңімпазы аталды.
Аудандағы ең кенже мектеп болып саналғанымен, ашылғанына небәрі 1 жыл толған мектебіміз білікті басшы Лаззат Машбекқызының көшбасшылығының арқасында жыл бойы жүйелі әрі толассыз еңбек ете білді. Атап айтқанда:
2022-2023 оқу жылындағы алғашқы Түлектеріміз ҰБТ-дан 100 пайыз Мемлекеттік грант иегері атанды.
Мәдени-тәрбиелік шараларда мектеп ұжымы көшбастады.
Педагогтардың біліктілік арттыру курстары бойынша 100 пайыз NIS, ПШО білім алып, функционалдық сауаттылықты арттырды.
Мектептің Математика мұғалімі Мадияр Әбенұлы Халықаралық Олимпиадаларда төрешілік етті.
Мектеп аудандық, облыстық деңгейдегі Семинарларды ұйымдастырып, Республикалық БАҚ-тарда ақпараттандырылды. Атап айтқанда, облыстық деңгейде "Жаңа заманғы білім беру ұйымының заманауи моделі" тақырыбымен STEM бағыты бойынша бірнеше саланы қамтығн облыстық семинар ұйымдастырылды.
Осынша жұмыстар нәтижесінде Республикадағы 64 мектептің қатарынан көрініп, "Тірек мектебі" атанды. Нәтижесінде Тірек мектебіне сай толықтай жабдықталып, Республикалық деңгейдегі таныстырылымы өтті.
Жуырда ғана Аудандық білім бөлімі тапсырмасына сай Аудан әкімінің шыршасы, аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру, Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының Жаңа жылдық салтанатты шаралары N286 мектебінде өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
"Еңбек еткен жақсы. Еңбектің еленгені одан да жақсы" деп дана халқымыздың тәмсілінде айтылғандай, мектеп ұжымының жыл бойғы еңбегін сараптап, лайықты деп танығаны үшін Арнайы комиссия құрамына алғыс айтамыз!
Айта кететіні, ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Жыл қорытындысы марапаты Білім Бөлімі басшысы м.а Есенбаев Бекжан Шахизатұлының иницативасымен бастау алуда.
Тағайындалғанына аз уақыт толса да, ауданның барлық балаларына, білім беру ұйымдарына қуаныш сыйлағаны үшін Есенбаев Бекжан Шахизатұлына ерекше алғыс айтамыз! Жаңа жылдағы жаңа бастамаларына толағай табыс тілейміз!