Аудан әкімінің шыршасы өтті
Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін ерекше мерекесі. Балдырғандарды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күн биыл да аудан бүлдіршіндерін ерекше күйге бөлеп, жылдағы дәстүрге сай аталып өтті. Әсерлі қойылыммен өріліп, түрлі сый-сияпаттармен толығатын балалардың дәстүрлі тойы-думаны кент орталығындағы №286 мектебінің ғимаратында аудан әкімінің балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы өтті.
Жаңақорған ауданында биыл да ерекше мағынада өтті. Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына республикалық олимпиадалардың, шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары, ерекше көмекті қажет ететін оқушылар және аудан мектептерінен жиналған 100-ге жуық балалар қатысып, жаңа жылдық шыршаның шамы жанды. Иә, сәби жүрегі шын қуанады. Ал, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудың өзі бір ғанибет. Сондықтан бұл кеш тәрбиелік мәнімен ғана емес, рухани мазмұнымен де есте қалды.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын тілге тиек етіп, балаларға мерекелік сыйлық ретінде планшет пен түрлі тәттілер табыс етті.
– Баршаңызды алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Құрметті ел ертеңі атанған жас ұрпақ! Сіздер тәуелсіз елдің тірегісіздер. Мемлекет тарапынан жас буынның сапалы білім мен тәрбие алуына жан-жақты жағдай жасалуда. Сондықтан оқуда озат, өмірде өнегелі ұрпақ болуыларыңа тілекшімін, – деді әкім.
Мерекелік шоу-бағдарлама аясында Аяз ата мен Ақшақар, ертегілер елінен келген кейіпкерлер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән айтылып, биден шашу шашылды.