АУДАНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов аудан халқымен бірге жаңа жылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысты.
Жаңа жыл кейіпкерлері аяз ата мен ақшақар түрлі кейіпкерлермен бірге ескі қоян жылымен қоштасып, жаңа ұлу жылын қарсы алды.
Шарада сөз алған аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов аудан жұртын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Құрметті жерлестер, балдан тәтті балақайлар! Сіздерді келе жатқан 2024 жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін баршамыз орталық алаңның сәнін кіргізіп тұрған шыршаның отын жағу рәсіміне жиналып тұрмыз. Жаңа жыл бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін, қуанышқа толы ең жайдары, келер күнге мол сенім артатын ерекше мереке.
2023 жыл өз жетістіктерімен тарих қойнауына еніп барады. Облысымыздың 85 жылдығын және ауданымыздың 95 жылдығын ауқымды етіп атап өттік. 95 түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар өтті. Мерейтойға тарту ретінде сәулетті ғимараттар бой көтеріп, бес елдімекенді газға қосылды. Ауылшаруашылығы саласын дамытуда «Үздік аудан» атандық, «Үлгілі елді мекен» конкурсында «Үлгілі аудан орталығы» номинациясын иелендік. Барлық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізіп, айтулы бастамалар мен ауқымды жобаларды жүзеге асырдық. Осының бәрі ауданымыздағы әр салада еңбек етіп жүрген аудан тұрғындарының еселі еңбегі.
Жаңа жыл кең байтақ елімізге молшылығы мен ырыс-дәулетін, қасиетті жерімізге құт-берекесін әкелсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!, – деді аудан басшысы.
Аудан басшысының құттықтау сөзінен соң шырша шамдары жағылды.
Шараны тамашалауға аудан тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға көптеп жиналды.
Кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.