Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қос аққудай өнерде де, өмірде де бірге

Қос аққудай өнерде де, өмірде де бірге

Өнер айдынында қос аққудай қатар жүзген Аманжол Сламов пен Айсәуле Қияс өмірде де, өнерде де жұптары жарасып, ел-жұртқа шынайы сезімдерімен, ақ адал ниеттерімен көпшіліктің көзайымына айналып келеді. Өнерлі отбасының ән әлемінде бағындырған белестері ауыз толтырып айтарлықтай. Аманжолдың ерекше қоңыр дауысы, Айсәуленің қазақ қызына тән биязылығы көрген жанды тәнтi етпей қоймасы анық. Біз жұлдызды жұппен сұхбаттасқанды жөн көрдік.

– Халықтың қалаулысына айналып үлгерген Аманжол мен Айсәуле жұбы қалай пайда болды?
Аманжол:
– Өнер – адамзат баласының ең ізгі қасиеттерінің бірі. Осы қасиет арқылы адамдар көпке танылады, өнерімен өрге жүзеді ғой. Біздің бойымызға Алла осы өнерді дарытқан екен. Екеумізде бала күнімізден түрлі байқауларға қатысып, шығармашылығымызды шыңдап келеміз. Сондай байқаудың бірі Қазалы ауданында өтті. Яғни, жұбайым Айсәуленің туған жерінде таныстығымыз басталды. Одан әрі әлеуметтік желіде сөйлесіп, өмір жолында да, өнер жолында да бірге болуға шешім қабылдадық. Бүгінде бір шаңырақтың астында бақытты өмір сүрудеміз. Илегеніміз бір терінің пұшпағы болғандықтан екеуміз де сахнада бірге жүруді ұйғарып, шығармашылық ізденіс жолында келе жатырмыз.

– Шығармашылықтарыңызда қандай жаңалықтар бар?

– Қазіргі таңда репертуарымызда Бақыт Бидаштың әніне, Дәулет Жадырасынның сөзіне жазылған «Сеземін» атты жеке авторлық әніміз бар. Тағы да авторлық әндерге жұмыс жасап жатырмыз.

– Сіздерді «Таңшолпан» бағдарламасынан көріп, қуанып қалдық. Ол бағдарламаға қалай шақырту алдыңыздар?

– Қазір әлеуметтік желінің дамыған шағы ғой. Инстаграм парақшамызға Шәмші Қалдаяқовтың «Алтыным» әнін бірге орындап, жүктеген болатынбыз. Ол миллионнан аса қаралым жинап, бізге өз тыңдармандарымызды жинауға үлес қосты. Осылайша Қазақстан Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына барып келдік. Одан кейін «Жібек жолы» арнасында Қыдырәлі мен Қарақаттың «Жақсы адамдарым» бағдарламасына шақырды. Ол жақта Досымжан Таңатаров ағамыздың кешіне «Біз екеуміз» әнін орындап, қонақ болып қайттық.

– Бiр адамдарға өнер қан арқылы келсе, ендi бiрiне табиғи талант арқылы келедi деп жатады. Ендi, екеуiңiзге де осындай саф өнер кiмдерден дарыған?
Аманжол:

– Өнер әкенің қаны, ананың сүтімен сүйекке сіңеді деп ойлаймын. Маған әкемнің қанымен дарыған десем болады. Жастайымнан түрлі байқауларға қатысып, бойымдағы өнерімді шыңдап, өнердің қайнаған ортасында қызмет етудемін. 2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін музыкалық білім мамандығы бойынша тәмамдап, ұлағатты ұстаздардан білім алдым.

Айсәуле:
– Мені өнерге анам жетеледі. Анамның өнерге деген құрметі ерекше жан. Өзі өнер жолын таңдамаса да, қызығушылығы басым. Ана жүрегі қызының бойындағы талантты байқаса керек, мені өнер мектебіне апарып тапсырды. Бала күнімнен әр жетістігіме қуанып, әрдайым қолдау білдіріп отырды. Өнер мектебін “баян” аспабы бойынша бітіріп, ән өнерін қатар алып жүрдім. Себебі, маған ән айтқан көбірек ұнайтын. 2016 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін “баян” аспабы бойынша тәмамдадым. Қазіргі таңда Жаңақорған ауданындағы Манап Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде еңбек етіп келеміз.

– Бiр отбасында екi өнер адамы болған қиын емес пе?
Аманжол:

– Бiздiң әңгiмемiз ортақ, талқылайтын мәселелерiмiздiң барлығы бiр сала болғандықтан, бiр-бiрiмiздi жақсы түсiнемiз. Жан жарымның өнер адамы болғаны маған берiлген бақ деп санаймын.

Айсәуле:
– Аманжол менiң өнерiмдi де, өз өнерiн де бағыпқағып отырған азамат. Шығармашылықтың адамы болғандықтан менiң өнерiме түсiнiстiкпен қарайды. «Сен оқыдың, қаншама жыл iздендiң, сондықтан өнерiңдi жарыққа шығаруға тиiссiң» деп әрдайым өзi қолдау бiлдiрiп отырады. Сондықтан бiзде өнер жағынан келгенде түсiнбеушiлiк жоқ, әрдайым бiр-бiрiмiздi демеп, шығармашылығымызға қанат бітіріп отырамыз.

– Өнердегі сіздер ұмтылатын биіктік қандай?
Аманжол:

– Әнші ретіндегі арманым – бізді көрермен түртұлғамызбен емес, өнерімізбен, әнімізбен таныса екен деймін. Қазір өнерде ғана емес, барлық салада атқарылып жатқан кейбір істердің ғұмыры қысқа. Бір күндік игілік үшін жасалатын дүниелер көп. Сан ғасыр бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыз бізден әлдеқайда таланттырақ, ақылдырақ болғаны шүбәсіз. Өйткені олардың қолынан шыққан дүниелер, олардың артында қалған шығармалар әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Бізден кейінгі буын да олардан қалған мұраны кәдесіне жарататыны анық. Сол секілді біз де халыққа өміршең дүние сыйлағымыз келеді. Орындап жүрген әндеріміздің ішінде тым болмаса бір ән көптің көкейінде жатталып, «кезінде Аманжол мен Айсәуле шырқаған ән» деп құлақтан құлаққа жетсе, біздің бағындырған биігіміз сол болмақ.
– Сұхбаттарыңызға рахмет! Шығармашылық табыс тілейміз!


Әсел Рзаева

30 желтоқсан 2023 ж. 1 519 0