Мақтаулы өнерпаз

Бүгінгі жаһандану заманында өзге елдің әнін тыңдап, шетел музыкасына елітетін жастардың арасында қазақтың дәстүрлі ән өнеріне қызығушылық танытып, дәріптеп жүрген өспірімдердің бары көңілге медеу. Көркемсөз оқумен қатар бишілік өнерді меңгерген жас түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, биіктерден көрініп жүр. Арнайы музыкалық білім алмаса да, орындаушылық шеберлігі толысып, сахна мәдениетін меңгерді. Мұның бәрі ізденіс пен еңбекпен келгені анық.
– Отбасында өте ерке қызымыз өнер жолын таңдап, елдің қызына айналуды армандап жүр. Оның көркем мінезіне, инабаттылығына, еңбексүйгіштігіне разымын. Жаратқан жолын ашық еткей дейді, – анасы Гүлнар.
Иә, қазақта «ана көрген тон пішер» демейді ме?! Осы талабынан жаңылмаса, Нұрсәуле Қайратқызын әлбетте биіктен көреріміз анық, «Талаптыға нұр жауар», дегендей балаусаның болашақта алар асуы биік, жолы ашық болуына тілекшіміз.
Бос уақытында би билеп, ән орындау қабілетін жетілдіреді. Ағылшын тілін меңгеруге мән беріп, спортпен де шұғылданады. Нұрсәуленің осының бәріне қалай уақыт табатыны таңқалдырды.
– Ықылас, ниет болса, бәріне де уақыт табуға болады, – дейді мұраты асқақ өнерпаз.
Өнерімен көптің көзіне түсіп жүрген өнерлі қыз болашақта танымал әнші болуды қалайды. Талабы таудай Нұрсәулеге өнерің мен өмірің асқақ болсын дейміз!
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ