» » » Жайдарман - 2023 финалдық ойыны өтті

Жайдарман - 2023 финалдық ойыны өтті

Жаңақорған Жаймадан - 2023 финалдық ойыны өтті


Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ шығармашыл жастардың ордасына айналған Жайдарман ойындарын өткізуде тұрақты түрде қолдау білдіріп келеді. М. Көкенов атындағы мәдениет үйінде «Жаңақорған КВН» филиалының ұйымдастыруымен Жаңақорған Жайдарман—2023 финалдық ойыны өтті.

2023 жылдың Маусымашар ойындарына 10 команда қатысып, финалдық кезеңге дейін үздік өнер көрсеткен 5 команда жолдама алған болатын. Финалдық ақтық ойында әрбір команда Республикалық Жайдарман жұлдыздарын шақырып бірге ойын көрсетті. Финалдық сайыста барлық командалар өз өнерлерін ортаға салып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Төрелік етуге әділ қазылар алқасында Жастар ресурстық орталығы директоры Н. Орынбасаров, Халық театрының жетекшісі Т. Әжімұратов, Ало такси тасымалының басшысы Б. Қалжан, жеке кәсіпкер Ғ., Жаңақорған құрамасының капитаны Е.Бейбітов болды.

Ойын қорытындысы бойынша:

І орын - Екпінді құрамасы (Екпінді ауылдық округі);
ІІ орын - Кейден құрамасы (Кейден ауылдық округі);
ІІІ орын - «Қыран» мектебі (Жаңақорған кенті)

Ойын соңында өнер көрсеткен барлық командаларға алғыс хат беріліп, жеңімпаздарға кубок, қаржылай сыйақылар табысталды.

Барша Жайдарман жанашырларына алғыс білдіреміз!


13 сәуір 2023 ж. 418 0