№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАҢАҚОРҒАН ЖАЙДАРМАН 2022 ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАН ЖАЙДАРМАН 2022 ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ шығармашыл жастардың ордасына айналған Жайдарман ойындарын өткізуде тұрақты түрде қолдау білдіріп келеді. Бүгін М. Көкенов атындағы мәдениет үйінде Жастар ресурстық ортылығының қолдауымен «Жаңаша» әзіл сықақ театры мен Жаңақорған КВН филиалының ұйымдастыруымен Жаңақорған Жайдарман—2022 финалдық ойыны өтті.



2022 жылдың Маусымашар ойындарына 12 команда қатысып, финалдық кезеңге дейін үздік өнер көрсеткен 6 команда жолдама алды. Финалдық ақтық ойынның шарты бойынша әрбір командаға Жайдарман жұлдыздарын шақырып бірге ойын көрсету міндеттелген болатын. Жұлдызды қонақтар қатарында Алиби Басаров(Қызылорда КВН филиалы төрағасы), Береке Набихан(Рудный командасы), Асылхан Сламбек (Қорқыт құрамасы), Бексұлтан(Түркістан командасы), Азизхан Юсупов (А Ю), Нұрсұлтан Талипов (Мақтарал командасы) болды. Финалдық сайыста барлық командалар өз өнерлерін ортаға салып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Төрелік етуге әділ қазылар алқасында аудандық маслихат депутаты С. Мырзабаев, «Жаңаша» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Т.Әжімұратов, Жаңақорған құрамасының капитаны Е.Бейбітов болды.


Ойын қорытындысы бойынша:
І орын (Чемпион) - Лициология командасы (№125 мектеп)
ІІ орын - Екпінді құрамасы (Екпінді ауылдық округі);
ІІІ орын - Кейден құрамасы (Кейден ауылдық округі);
Үздік ойыншы номинациясы - Кейден құрамасының жас ойыншысы Қырқынбай Нұрсұлтан иеленді.

Ойын соңында өнер көрсеткен барлық командаларға алғыс хат беріліп, демеушілердің қолдауымен қаржылай сыйақылар табысталды.

Барша Жайдарман жанашырларына алғыс білдіреміз!

#ЖайдарманЖаңақорған
#Жайдарман2022
#ЖайдарманФинал
10 мамыр 2022 ж. 505 0