Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Жайдарман" жастарға күлкі сыйлады

"Жайдарман" жастарға күлкі сыйлады


Жастарды тәрбиелеп қана қоймай, қоғамдағы келелі мәселелерді астарлы әзілмен жектізіп жүрген «Жайдарман» қанатын кең жайып келеді. Оның айқын бір дәлелі – өткен жылдың соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қолдауымен «Жаңақорған Жайдарман» лигасының ұйымдастыруымен Жайдарманның маусымашар ойындары бастау алды. Бірінші кезеңді сәтті еңсерген көңілді тапқыр командалары ақтық сынға жолдама алды.


Финалдық ойынға сақадай сай келген «ЖАТК», «Кейден», «Екпінді», «Шалқия» құрамалары өзіндік ерекше әзілдерімен көрерменнің көзайымына айналды. Аудандық мәдениет үйінде өткен Жайдарманды «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған ауданы бойынша филиал жетекшісі Асхат Құлтас жүргізді. Ол «Жаңақорған» көңілді тапқырлар клубы құрамасының қазіргі таңдағы көшбасшысы.
Жүргізуші ойынды бастамас бұрын әділ қазылар алқасының мүшелерімен таныстырды. Олардың қатарында: аудандық «Жастар ресурстық орта­лығы» мекемесінің директоры Наурызбай Орынбасаров, орталықтың аға маманы Мақсат Құлмырзаев, асаба Тохтар Әжімұратов, «Нұр-Сәуле» той ұйымдастыру орталығының жетекшісі Мұхтар Шаханов, «Ардақ» сұлулық салонының қызметкері Самат Айдаров бар.
Екі кезеңнен тұрған сайыста жайдарманшылар «Сәлемдесу» және «Жұлдызды қонақпен көрініс» тақырыбында өз өнерлерін ортаға салды. Ә дегеннен «Кейден» құра­масының жайдарманшылары көрер­менді күлкіге қарық қалды. Нағыз ауылдың иісі аңқып тұрған қазақы қалжыңдары көптің көңілінен шықты. Ал аграрлы техникалық-техникалық коллджінің намысын қорғаған «ЖАТК» құрамасы жоғары лигада ойнаған аға буын ретінде сахнада өздерін өте еркін ұстады. Әрбір әзілінің астарында қоғамдағы түйдек-түйдек мәселелердің ізі көрінді. Әсіресе «Жұлдызды» қонақпен жүргізген екінші айналымның қалжыңдары көптің көңілінен шықты. Себебі, барлық команданың ойынына залдағы көрерменнің ықыласы ерекше болды. Ендігі кезекте, командарлардың «жұлдызды» қонақтарын айтап өтсек. «ЖАТК» құрамасына Қызылорда облысы бойынша «Жайдарман» академиясының басшысы Әліби Басаров, «Екпінді» командасына мәдениет майталманы Талап Тотаев, «Кейден» құрамасына мәдениет саласының үздіктері Кенже Әкімбаева мен Балмұхаммед Әбжаппаров жетекшілік етті. Ал «Шалқия» құрамасы нағыз жұлдыздарды жинады. «Жаңақорған» құрамасының жарық жұлдызы, асаба Есқара Бейбіт және Бекұлан Жолдықожаев, асаба, «ТТТ» әзіл-ысқақ театрының әртісі Бекмаханбет Байтұрсынов бар.
Екі сағатқа созылған Жайдарман ойыны әдемі қалжыңмен әзілдің астарына қоғамдағы келеңсіз жайттарын ұтымды айтып, өрелі өнер көрсете білді. Қазылар алқасының шешімімен Жайдарман лигасының жеңімпазы болып «ЖАТК» құрамасы танылды. Бұған дейін бұл команда Нұр-Сұлтан төрінде өткен Жайдарманның жоғары лигасына қатысып қайтқан болатын. Ал екінші орныды кейдендік «Кейден» құрамасына, қола «Екпінді» командасына бұйырды. Барлық командалар арнайы кубок пен «Дипломға» ие болды. Айта кету керек, аудандық лиганың өтуіне жаңақорғандық бір топ жас кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Олар: «QFS» фаст-фуд өнімдері орталығы жетекшісі Қадыржан Қыдырбаев, «Doner King» орталығы басшысы Дәулет Алиханов және Ғабит Дүйсебаев, Мұсабек Нұр, Самат Айдаров сынды кәсіпкерлер жастар шығармашылығына қаржылай қолдау көрсеткен.

Самат ӘБДІШ
04 наурыз 2020 ж. 950 0