№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Нобель" сыйлығын алған алғашқы әйел

"Нобель" сыйлығын алған алғашқы әйел


Сельма Оттилия Ловиза Лагерлеф (швед. Selma Ottilia Lovisa Lagerlöf) 1858 жылы 20 қарашада Швецияның Вермланд провинциясында өмірге келді. Жанұяда бес перзенттің төртіншісі болып туған қыздың 3 жасқа келгенде аяғы ауырып, 1 жыл бойы жүре алмай қалады. Емделіп жүріп әрең аяққа тұрған Лагерлеф өмірінің қалғанын ақсап жүріп өткізуге мәжбүр болады. Оқытушы және жазушы болуды армандаған болашақ "Нобель" иегері Стокгольмдегі қыздарға арналған жоғары Королдік педагогика академиясына оқуға түседі. Оны 1884 жылы бітіріп шыққанда жанұсына қайғының қара бұлты үйіріледі. Алдымен әкесі қайтыс болады, сосын отбасы қарыздарына байланысты кең жері бар үйінен айырылады.

Осыдан кейін Сельма Ландскрон қаласындағы қыздарға арналған мектепке оқытушы болып орналасады. Тез арада оқушылармен тіл табысып, ұстаз ретінде балаларға үлкен әсер қалдырады. Вермланд табиғатынан шабыттанған болашақ жазушы шығармалар жаза бастайды. Тырнақалды туындысын "Идун" журналы ұйымдастырып жатқан бәйгеге жібереді. Нәтижесінде үздік шығып, журнал редакторы Сельмаға романын баспасөз бетінде бөліп-бөліп жариялауды ұсынады. Жарияланған роман есебінен де біршама қаламақы алып, болашақ жазушының жұпыны жағдайы түзеліп қалады. Сельманың құрбысы бронесса Софи Альдеспаре оған қаржылай көмек көрсетіп, "Йёсте Берлин туралы сага" (Gösta Berlings saga, 1891) романын жазып шығуға септігін тигізеді. Роман сол уақыттағы Скандинавия жазушыларына тән реализм бағытында емес, біраз романтикаға жақын бағытта жазылған еді. Алғашында шығарма бірден жылы қабылданбайды. Бірақ даниялық сыншы Георг Брандестің оң көзқарастағы талдауынан кейін қолдан қолға түспейтін кітапқа айналады.
Жазушы болатынына көзі жеткен Лагерлеф ұстаздық жұмысынан шығады да, біржола жазушылыққа бет бұрады. Көп өтпей "Көрінбейтін шынжырлар" (Osynliga länkar, 1894) атты хикаялар топтамасын баспадан шығарады. Королдіктің степендиясы мен Швеция академиясы беретін қаржылай көмек арқасында Лагерлеф қаржы жағынан қиналмайтындай болып, болашақ шығармалары үшін саяхатқа шыға бастайды. Сондай саяхаттың бірін Сицилияға жасайды. Сицилияда жүріп жазушы кезекті "Антихрист ғажайыптары" (Antikrists mirakler, 1897) шығармасын жазады. Романдағы негізгі оқиғалар сол жерде өтіп, қаламгер Сицилиядағы социализмді сынайды. Жазушының келесі шығармасы "Құддыс" (Jerusalem  1901-02) деп аталып, екі томдық кітап болып басылып шығады. Осыдан соң Сельманың біршама атақ-даңқты шығып, Морбаккадан үлкен жері бар үй сатып алады. Арадан 2 жыл өткесін жазушы балаларға арналған "Нильс Хольгерссонның Швециядағы ғажайып саяхаты"  (Nils Holgerssons underbara resa genom Sverige, 1906—1907) деп аталатын әйгілі шығармасын жариялайды. Әлемнің 39 тіліне аударылған шығарма, мультфильм болып экранизацияланады. 1909 жылы Швеция Академиктері Сельма Лагерлефті "барлық шығармалардағыдай биік идеализмі, жарқын бояулар шеберлігі, кейіпкерлер ішкі психологиясына терең бойлай алғандығы үшін" "Нобель" атындағы сыйлыққа лайық деп табады. Марапаттау кешінде Швеция королі Густав V өзі Сельмаға сыйлықты тапсырады.
 Бұл оқиға – осындай жоғары сыйлықтың алғаш рет әйелге берілуі боп тарих беттерінде қалды.  Бұл жоғары мәртебеден кейін Сельма Вермланд туралы, Отанының аңыз-әпсаналары, туған топырақтың қасиеттілігі туралы жаза бастайды. Көп уақытын феминизмге арнайды. 1911 жылы Стокгольмдегі халықаралық әйелдер конференциясында баяндама жасайды. 1924 жылы әйелдер делегациясы құрамында АҚШ-қа барады. Сол жылы Швеция академиктерінің мүшесі болып сайланады. Бір сөзбен айтқанда өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы ең беделді жазушылардың біріне айналады. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында нацистік Германиядан еврей жазушыларының қашып, басқа мемлекетке өтуі үшін виза дайындауға көмектеседі. Соғыс уақытында Швеция құрған Финляндия ұлттық қорына көмек ретінде "Нобель" сыйлығы алтын медалін береді. Бірақ үкімет сыйлықты жазушының өзіне қайтарады. Туғанынан ауруға шалдығып елі үшін балалар әдебиеті үшін тынбай еңбек еткен Сельма Оттилия Ловиза Лагерлеф 1940 жылдың 16 наурызында, 81 жасында Морбаккадағы өз үйінде өмірден өтеді.

11 мамыр 2018 ж. 1 262 0