Ұлт ұстазы
Әлеуетті әдебиеттанушы, терең ойшыл, парасатты публицист, салихалы саясаткер, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының елдің рухани-мәдени дамуына қосқан еңбегі ұшан теңіз. Сол кездегі ат төбеліндей ғана қазақ зиялыларының аз ғұмырында ұлт үшін сіңірген еңбегі, төккен тері бүгінде әлі де өз биігінде. Сын сағаттарда сүрінбей, сана биігінде қала білді. Кеңес белсенділері қудалап, ізіне май шам алып түссе де рухы сынбады. Кім үшін? Әрине ұрпақ болашағы үшін.
Ойлаңызшы, дерек көздерінде, Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраса, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Жалпы саны 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам азамат репрессияға ұшырады. Олардың көбі ағартушылық бағытында жұмыс істеген зиялылар мен олардың жақындары еді. «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос» деген Абай қағидасы қалыптан айнып, биліктің шен-шекпеніне қызыққандар арда азаматтарын жығып беріп, қудалауға қатысқанына тарих дәлел.
Иә, жеке мүддені емес ұлттың мүддесін жоғары қойған отаршыл өкіметпен алыса жүріп атқарған ерен еңбектеріне алаш көсемі Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірлесе күллі қазақ халқы үшін олардың сауаты мен білім көкжиегін кеңейту мақсатындағы «Қазақ» газетін шығаруы еді. Қазақ жұрты үшін мәденеиет есігі ретінде ашылған басылым әу дегенннен-ақ қалың жұртшылықтың үдесінен шығып, ықыласына бөленген еді.
Көрнекті қаламгердің жанымен, жүрегімен жазған өткір тілді өлеңдері мен жыр-жинақтары арқылы саяси астармен маса болып, ұйықтап жатқан халықты жанды жерінен шағып, оятуға, келешекке көз жүгіртуге шақырады. Сондай-ақ білім саласына сіңірген еңбегі араб жазуы негізінде жасалған тұңғыш әліпбиді дүниеге әкелуі еді. «Оқу құралы» қазақ әліпбиінің баспада жарияланып, сол кездегі қазақ балаларының кеудесіне сәуле ендірген бұл оқулық маңызын жойған жоқ. Арада үзіліс салып, «Әліппеміз» халықтың сұрауымен, білім министрі Асхат Аймағанбетовтың табандылығымен былтырғы жылы қайта оқушысымен қауышып еді.
Ағартушының қай еңбегін алсақта қазірге дейін құны кемімей, қаймағы бұзылмай қалам ұстағандарға темірқазық болуда. Сан-салалы «Әдебиет танытқыш» еңбегі арқылы қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салса, «Тіл – құрал» атты үш кітаптан тұратын еңбегі қазақ мәдениетінде бұрын болмаған тың дүние болды. Бұл қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми еңбектің басы еді.
Әр сөзін зерлеп, қағазға қаттап мұра етіп қалдырған қайраткерге арналған режиссер Мұрат Есжанның «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты телехикасы Ахаң бейнесі көгілдір экранға жол тартқан тұңғыш сериал. Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстан» ұлттық Тәуелсіздік мерекесіне орай көрермен назарына ұсынылған еді. Алты сериадан тұратын телехикаяның сценарийін Мұрат Есжан мен Ұларбек Нұрғалым жазып, көркемдік кеңесшісі – ғалым Ұшқын Сайдырахман болды. Жобаға ахметтанушы, Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы музей үйінің жетекшісі, «Ғасыр саңлағы» кітабының авторы Райхан Имаханбет ғылыми кеңесші ретінде атсалысты. Сериал көпшілік көңілінен шығып, халықтың ризашылығына бөленуде.
Бұл сериалда Ахмет Байтұрсынов ғана емес, сол кездегі қоғам қайраткерлері, алаш азаматтары көрініс тапқан. Сондай-ақ сол кезеңдегі азаматтардың арасындағы саяси көзқарастар әралуандығы, талас-тартыстар да телехикаяға арқау болып отыр. Ұлтқа деген асқан жанашырлықтары «Ұлтшыл» деген таңба тағып, Сериалдың өне бойында ұлт мұраты жолында қиын-қыстау күн кешіп, бір күн тыныш ұйықтамаған алаш арысының жай-күйін, тұлғалық болмысын актер Байғали Есенәлиев шебер көрсете білген. Оның әрбір қимылы, әр сөзі елге белгілі адам болғандықтан сынға түсетіні анық. Осы орайда Ахаңның сөзін актердің аузына салып отырған сценаристің еңбегі зор.
Ғылыми-педагогикалық ізденістері нәтижесінде жазылған бірақ еш жерде жарияланып үлгермеген, әрі қолжазбасы да табылмаған «Мәдениет тарихы» атты еңбегінде НКВД-ның жендеттері жазылу бойына тәркілегені де сериалда көрсетілген. Сондай-ақ тарихта аты көп кездесе бермейтін ұлттың ұлы емес, мансаптың құлы болған Мұхамедияр Тұнғаншиннің бейнесі де керемет ашылған. Соның ішінде оның патша өкіметі құлаған тұста екі кеменің басын ұстаған суға кетедінің кері келіп, екі ортада қалған сәтінде Ахмет Байтұрсынұлы оны жарқанат туралы мысалымен өлтіре сынап, мақтамен бауыздағандай әсер қалдырады.
Телехикаяда сұмпайы образдағы тергеуші Саңғытов сериал соңында Ахаңның мысы басып, сөзінің сиқырына көндікті, бас иді. Саңғытов тарихта болмаған, ойдан алынған кейіпкер болғанымен, кім біледі сол замандағы кеңес жендеттерінің бәрі болмасада бірнешеуінің осындай шарасыз күй кешкені анық қой. Ол заманда әр адам өзіне сай әрекет етсе, сериалда әр актер кейіпкеріне сай рөл сомдап шықты. Жауапкершілігі жоғары тарихи кино түсіру, оны шынайы әрі сол уақыттың атмосферасымен беру және елдің адамын сомдайтын актерларды дәл таба білу оңай дүние емес. Дегенмен таяқтың екі ұшы болатыны секілді Ахаң бейнесі Пайғамбар секілді тым биіктеп, жанында жүрген Міржақыптар қораш көрініп қалған секілді. Ахаңның ұлылығына шек жоқ. Дегенмен ол да пенде ғой. Сондай-ақ көптеген қазақ оқығандары мінез ашықтығына, біліміне қызығып, орыстан әйел алғанын білеміз. Осы жерде Ахаңның Бадрисафасын актриса толық аша алмады немесе шын мәнінде мүлдем эмоциясы жоқ робот сынды жан болғаны түсініксіз…
Ахмет Байтұрсынұлының тұтас қауым үшін қылған еңбегі еш болмады. Оның идеясы барлық қалам ұстағандарды шарпып өтті. Тіптен 25 мың адамды атып, көзі ашық зиялы қауымды жойып жіберуді мақсат еткенімен, әр қазақ санасында Ахаң айтқан идея сақталып, жемісін беруде. Игі қасиеттерді бір бойына ғана сіңіре білген тілі таза, текті тұлға, ағартушы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы, нар тұлға игі қасиеттердің бәрін бір бойына ғана сіңіре білген нар тұлға еді.
«Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы сынды тарихтан сыр шертетін сапалы кинолар саны көбейе берсе нұр ұстіне нұр. Біреудің қаңсығын таңсық көріп, үнді, кәріс, түрік сериалдарын жібермей қарайтын көрерермен үшін қазақтың әр батырын, әр ханын сериал етіп түсірсе өзгенікінен артық болмаса кем түспесі хақ.