№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бабалар рухына тағзым

Бабалар рухына тағзым



Бүгін – азалы күн, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі жарияланды. Онда «Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды» делінген.

Ия, жаңақорғандықтар да осы күні аза тұтты. Алдымен арнайы мемориал ескерткішке жиналған көпшілік гүл шоғын қойып, саяси қуғынға түскен ата-бабаларды еске алды. Ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Зинабдин Шермағамбетов: «Бұл нәубатты біздің әулет те көрді. Әкем Шермағамбет пен шешем Кәделіні байдың тұқымы, молданың ұрпағы деп қуғынға түсті. Өзбекстанның Ангренінде бас сауғалап, өмір сүрді. Нағашым Мақұлбек пен Байсын сотталды. Осының зардабы әлі жүрегімде» деді. Мұнан кейін ауданның бас имамы Әбдіқалық Нәметов әруақтарға бағыштап құран оқыды.
Шындығы керек, мемориалда 147 кісінің тізімі бар. Олар жаладан толық ақталғандар. Ал, ақталмай, ақтаңдақ күйінде құпия қалғаны қаншама. Енді мақсат сол есіл ерлерімізді тауып, заң аясында ақтау керек. Мұны мұнда жиналған қауым да қозғады.
Шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов қатысып, жазықсыз жазаланған ата-баба рухыны гүл шоғын қойды.
31 мамыр - саяси-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде аудандағы зиялы қауым өкілдері бас қосты.

ХХ ғасырдың ең қа­сірет­ті тұстарының бірі – арыс­тарымыз жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған кез. 1920-1930 жылдардағы алапат жұт пен ұжымдастыру сая­саты кезінде қырылған халқымыз еңсесін көтермей жатып “қызыл империяның” қуғын-сүргініне ұшырады. Соның салдарынан талай боздақтарымыз, ұлттың қаймақтары шейіт болды.

Бүгін аудан орталығындағы "Хисаммиддин Сығанақи" мешітінде аудан зиялылары бас қосып, әкелерінің, аталарының басынан өткен қасіретті жылдарды еске алып, пікіралмасты.
Тарихшы Әлімжан Ержанов репрессия жылдары жөнінде тарихи деректерді ортаға салса, Әшірап Жапаров, Мадияр Ахметов, Абибулла Шерімбетов, Ерубай Қалдыбек, Асан Саркуловтар 1928-1950 жылдарға дейін Қазақстанда орын алған қуғын-сүргін құрбандары жайлы естіген, білгендерімен бөлісті.

Осылайша, зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың рухына құран бағыштады.
31 мамыр 2021 ж. 743 0