№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жыл үздігі: «Үздік мәдениет қызметкері»

Жыл үздігі: «Үздік мәдениет қызметкері»

Бұл жыл жаңақорғандық өнер ұжымы үшін табысты жыл болды. Ауданның рухани іс-шараларында мәдениет қызметкерлерінің сіңірген еңбегі ерен. Мереке күндерінен бөлек, мәдени кештердің төрінде жүрген өнерлі жандарға жаңақорғандықтар дән риза. Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінің қызметкерлі осындай құрметке лайық десек те, биылғы жылдың үздігі атағы Құралай Мұсахметоваға бұйырды.
Иә, ширек ғасырдан бері аудан өнер саласына өзіндің қолтаңбасын қалдырып, өркендеуі жолында үлес қосып жүрген жанның еңбегі қандай да мақтауға тұрарлық. Ақтөбе мәдени ағарту училищесін, одан кейін Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітіріп, 1997 жылдан бастап аудандық мәдениет үйінде қызметте. Қазір директордың орынбасары.
03 қаңтар 2022 ж. 825 0