№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәдени қызмет – мерейлі міндет

Мәдени қызмет – мерейлі міндет

Аудандық М. Көкенов атындағы мәдениет үйінде аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Нұрымжан Сәбитұлының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Онда ұлт болашағы үшін әдебиетке, мәдениетке, өнерге еңбегі сіңген сала қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің марапаты салтанатты түрде табысталды.

Елдің өнер көшін алға ілгеріле­туде мәдениет майталмандарының еңбегі ерен. Сондықтан аудан өркениетінің дамуында бұл сала қызметкерлерінің алар орны ерек, оларға артылар жүк те ауыр. Осындай жауапкершік үде­сінен шығып, мәртебелі міндетті абы­роймен атқарып келе жатқан са­ла мамандарының шығармашылығы шың­­­нан көрінді. Төккен тері ақ­талып, еңбектері еленді. Солардың ішінде  Ролан Бақтыбаев «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Та­лап Тотаев министрліктің «Құр­мет Грамотасымен», ал Убайдулла Көкенов «Алғыс хатпен» марапат­талды.
Жиында сөз алған аудандық мә­дениет және тілдерді дамыту бөлімі­нің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов:
– Сыр бойы мәдениетпен мерей­леніп, өнермен өрістенген өлке. Со­ның ішінде жаңақорғандық мәдениет қыз­меткерлері шығармашылығының ор­­ны ерекше. Оған күні кеше об­лыс көлемінде өткен алқа оты­ры­сында біздің әріптестеріміздің құр­метке бөленгені дәлел. Біз үшін аудан атын асқақтатып, өнерлі аза­маттарымыздың Республика көле­мін­де марапат төрінен көрі­ніп жатқаны үлкен қуаныш. Еңбектеріңізбен дара­ланып, өнердің, мәдениеттің биік шыңын бағындыра беріңіздер, – деп ізгі тілегін білдірді.
Одан әрі мәдениет үйінің дирек­торы Зульфия Шалабаева да өз құт­тықтауын жеткізді.
– Қазақ халқының тумысынан бой­ында қалыптасып, қаны мен жанына сіңген асыл қасиетті осылай дәлелдеу керек деп ойлаймын. Бұл мәртебеге  шығармашылықтарыңызды шыңдау­дың нәтижесінде жеттіңіздер. Күні бүгінге дейін өздеріңіздің қаты­суларыңызбен өткен іс-шаралар аз емес. Жемісі міне, Демек, өлкенің өнер­лі азаматтарына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылықтарын шың­­дауға біз­дер қашанда дайынбыз, – деп қол­дайтынын жеткізді.
Иә,мәдениет пен өнер әрқашанда ұлттық руханиятымыздың басты тірегі болып келді және бола да береді. Сондықтан ұлттық болмысымызды сақтау Сіз бен біздің қасиетті па­ры­зымыз екенін осы жиыннан түсін­гендейміз.
Лаура БИБАСАРОВА
27 ақпан 2022 ж. 456 0