№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Еркін өнер елді өсіреді

Еркін өнер елді өсіреді

Күні кешеге дейін өнер де саясат құралы ретінде коммунистік идеологияның мықты темірқазығы болып келгені анық. Соның өзінде шынайы талант иелері өнерге қойылатын  талаптың стандартынан саңылау тауып, ақиқатты астарлап болса да айтып отыруға тырысып бақты. Олардың  алмас қылыштай өнер тілімен ұлттық мүдденің өзегін өлтіріп алмауға ұмтылған өміршең мұралары бүгінгі күні, яғни ел егемендігін алған азаттық таңында айнымас арнасын тапқанының куәсіміз.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары табанынан тік тұрып кете алмай жат­қан экономикалық ауыртпалықтар руха­ният саласын да айналып өтпегені белгілі. Осы кезеңдері мәдениет саласы қызметкерлері төл мамандықтарына адал­дықтарынан ажырамай, азғантай ғана ақыны қанағат тұтып, жер-жерлердегі клубтар мен кітапханаларды сақтап қала алғандықтарын ерлікке теңеуге де болады. Алдымен экономика, содан соң саясат деген қағиданы ұстаным еткен ел басшылығы ел жағдайы тұрақтанған2003 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдалды. Осы кезеңнен бастап ұлттық құндылықтардың өткені мен бүгіні тарихи електен өткізіліп, халық жүрегіне сәуле­сін себезгілей бастады.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері аудан Мәдениет саласындағы жаңашылдықтар жайлы білмекке аудандық Мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаеваны әңгімеге тартқан едік. Өнер ұжымы басшысының сұхбаты төмендегіше өрілді:
– Өңір мәдениетінің өрге басуы өнер ұжымдарының өрісті еңбегіне тікелей бай­ланысты. Осы орайда үздік клубтар орны айрықша.
Мәселен, Жаманбай батыр ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтергелі заманауи бағытта мәдени шаралар жандана бастады. Әсіресе осы клуб атын өрге оздырған Өмірзақ ағайға үлкен алғыс айтқым келеді. Оның бір өзі 150 бишіні дайындап шығарып отыр.  Бұл да үлкен жетістік. «Үздік клуб» қатарында сонымен қатар Бесарық бекетіндегі Жәнібек Сыздықов басқарып отырған өнер ұжымын атар едім. Клуб үйі апатты жағдайда тұрса да жұмысында мін жібермеуге тырысатын Түгіскен ауылдық клубында жаңашылдық басым. Ұжым жетекшісі Бақыт Тасқожаева «Жылдың үздік көшбасшысы», «Жылдың үздік әдіскері» атанды.
«Біздің салада «Үздік үйірме жетекшісі», «Үздік клуб», «Үздік жас маман», «Үздік­сіз көшбасшы», «Үздік кәсіпорын бас­шысы» номинациялары бойынша Құра­лай Әлиева, Рашид Нәлтаев, Бақыт Тасқожаев, Айжарқын Найманбаев сынды өнерпаздарымыз көш бастап тұр.
Тоқырау заманына қарағанда то­лайым жетістіктерге жету себебіміз, қа­зірде материалдық база толыққанды жабдықталған. Ақылы қызмет бойынша табысымыз ішкі қажеттіліктерімізге ба­ғыт­талып отыр. Шығармашылықта да еркіндік бар. Өнер адамдарының талабын өсіретін, шыңдайтын бірден-бір мүмкіндік осы. Бұрынғыдай жоғарыдан бекітіліп келген бағдарлама шеңберінде ғана емес, халықаралық деңгейде өтіп жатқан фестиваль – байқауларға қатысуға толық құқымыз бар. Мұның өзі вокалда, драмада этнобағытта қаншама тәжірибе жинақтап, рухани кемелденуімізге жол ашып олтыр.
Тәуелсіздік талаптарына тоқталар болсақ, өнердің өз өкілі Талап Тотаевтың Рэп жанры отыз жыл бойы сахнадан түспей келе жатқанын айрықша айту орынды. Ол осы жаңашыл жанрымен жастарды сахнаға бейімдеп, қызығушылықтарын тұрақтандырып келеді. Талаптың баста­машылығымен «Айтыс-батл» жобасы жұ­мыс жасап, Азамат Тәуекел, Мұхамедәлі Абдулла сынды таланттарды тауып отыр.
Құлахмет Нәлтаев ағамыз ұстаздар­дан, өнерпаздардан хор ұйымдастырып жүр. Өнер саңлағының оркестрге деген көзқарасы өте шынайы.  оркестрдегі әрбір музыкалық құралдың өзгеше үйлесімін тауып, оркестрді кәсібилендіру бағытында еңбегі зор. Талаптағы Бәден Айсынов ұйымдастырған оркестр жұмысын осы кісі жалғап келеді.
Сонымен қатар өнер өлкесінде Шәр­бану Жиенбаеваның қолтаңбасы ерек. Ол балалар хорын жасақтап шығарды.
Жастардың келуімен жаңалық қоса келеді. Олардың арасында өз әлемі бар Айжарқынды, өз тұғырын тіктеуге ұмтылған Тоқтарды бөліп айту орынды.
Драматургия саласына дем берген Дінмұхаммедтің еңбегі өзі алдына бір төбе.
Сахнада әлі де болса шындықты тұспалдап жеткізу шеберлікке байланысты. ЛЭД экран арқылы өнер өкілдері цифрлық технологияны тереңдеп меңгеруге ұм­тылып келеді.
Бес саусақ біріксе жұдырық болады. Аудан мәдениет жетістігінде өнер өкілдерінің үлесі бірдей. Қандай ірі мәдени шаралар өткізетін болса аудан көркемөнерпаздары төрт аймақ бойынша бірге жұмыс жасап, ортақ жүкті бірлесе атқаруға тырысатындары қуантады. Әр аймақ мәдениет қызметкерлері бірлесе тізе қосқан әдіс-амалдарымен бар жақсысын жарқыратып жарқын ой – идеяларын біріктіріп, басты мақсаттан табылып жүр, – дейді.
ТҮЙІН. Иә, еркін өнер елді өсіреді. Осы жетістіктердің түп негізінде тұсаулауға көнбейтін саф өнердің тазалығы тұнып тұр. Таза өнер таза адамды тәрбиелейді.
Баян ҮСЕЙІНОВА
17 желтоқсан 2021 ж. 472 0