№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Арманы жоқ елдің асқақ ән – жыры

Арманы жоқ елдің асқақ ән – жыры



Бағзы заманнан жапан даланы бауырына басып, бақытқа кенелтуді оцлаған ұлт болмысы жетпіс жыл бұғауда ұстаған зорлықшыл империя қайтып тұра алмастай тұсаулап, тығырыққа тіреп тастағаны рас. Егемендік алған күннен бастап Кеңістік пен уақыттағы ұлт тарихын рухани жаңғыру арқылы барынша кемелдендіру іске асуда. Ұлттық болмысымызға үңілу, ежелгі мәдениетімізді тереңірек тануға ұмтылу талабы кешегі Елбасының халыққа арнаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында біртұтас концепцияға айналып, биік бағдарлама түзіліп отыр.
Ел маңдайына біткен азат күннің арайы ең алдымен оның мәдениетіне мен өнерінде айшықталары анық. Қазақтың көгінде желбіреген Тәуелсіздік туы ой-сана еркіндігіне, шығармашылдық жігерге жол ашты. Бұрынғыдай қандай жанрда болмасын жоғарыға жалтақтап, асқақ үннен астар, ілкімді істен ілік іздеп, цензурадан көз аштырмас төрешілдікке тәуелділіктен құтылдық.
Өнер адамына ең қажетті – еркіндік. Қиялында қанат бітіріп, бойына таусылмас қуат дарытатын да сол. Мұны біз өлке өнер көкжиегінен де терең сезініп, тек алға өрлеуімізбен дәлелдеп те келеміз. Жаңақорғандықтар әлемдік класиикалық деңгейдегі өміршең туындыларды туған жердің төл Мәдениет сарайы сахнасынан шынайы түрде тамашалауға мүмкіндік алды. Өз ауылымыздан шыққан тарланбоз талант Төлепберген Әбдірашевтың 70 жылдығына байланысты республикалық фестивалінің ауданымызда ұйымдастырылуы ауыл көрермендерін Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан камералық оркестрлерінің үздік өнер үлгісінен терең сусындатты. Бұдан ширек ғасыр бұрын Кеңестер Одағының ірі, қалаларында сән-салтанатты театрларда ғана қолы жеткенді қуанышқа бөлер биік деңгейлі әлемдік классиканы өз топырағымызға қондырып отырған да осы егемендігіміздің, өз алдына дербес ел болып, өзгелермен тең дәрежеде мемлекет болып қалыптасуымыздың қастерлі қадамы болса керек-ті.
Биыл Жаңақорғанның тұғырын нық түзеп, дербес аудан болып құрылғанына 90 жыл толды. Тоқсан жылдыққа байланысты жыл көлемінде демей-ақ қояйын, 90 күн толымды тарту: түрлі байқау, өнер сайыстары, шығармашылық кештер, мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Бұл шаралардың барлығы, сайып келгенде тоқсан жылдағы тарихи тағдырымыздың шежірелі шеруін көз алдымыздан қайта өткергендей болды. Ежелгі Сығанақ жерінде жатқан жәдігерлерімізге жан бітіріп, тіршілігі сенген тарам-тарам тамырларына қан жүгіртіп, келешек ұрпақ санасынлда өткеннің тағылымын тамшыдай болса да таныта алсақ еңбегіміздің жанғаны. Манаптың жүрген ізімен маң даланы басып өтіп, маржан сөз мәйекті мақамымызбен қайта қауыштық.
Алға қойған айшықты мақсатқа маңдай тер төгу аз, қомақты қаражатқа келіп тірелері тағы рас. Бүгінде көп өсіп, көп ілгерілеген көрермен талғамы қанағаттандыруда биік эстетика қажет. Бұл бағытта аудан әкімдігі, мәслихат депутаттарының өнерге деген оң көзқарасы, айнымас жанашырлығы мәдениет сапасы өкілдеріне көп демеу. Біз осы қолдау-көмектерге сүйене отырып, халықтың сенімінен шығуды басты мұрат тұтып келеміз.
Азаттық түп аясында еңбегіміз еселі, көңіліміз шуақты болсын деген тілегіміз бар.
                                                           Зульфия ШАЛАБАЕВА, аудандық Мәдениет үйі директоры.
09 тамыз 2019 ж. 666 0