№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала – өмір бұлағы

Бала – өмір бұлағы

Бесарық бекетіндегі «Марғұлан» балабақшасында 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай ертеңгілік өтті. Шараға балалар ерекше дайындықпен келіпті. Бірі қазақша киім үлгісімен, бірі өзге ұлт өкілдерінің киім үлгісін таңдаса, енді бірі түрлі-түсті гүлдерге ұқсап ерекшеленіпті.


Жиынды ашқан балабақша құрылтайшысы Пірманова Маржан балаларды арнайы құттықтады:
– Әрбір үйдің үкілеген үмітін осы жаздың жаймашуақ мерекесімен құттықтаймын. Біздің балабақшаға келетін әрбір баланың көңілді, дені сау болғаны маңызды. Балалық шақтарың алаңсыз бақытқа толы болсын. Білімді, парасатты, салауатты елдің ұлтжанды ұрпағы болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін, – деп тілектестігін білдірді.
Балабақша меңгерушісі Ақжар­қын Оспанова:
– Әрбір бала елдің кемел келешегі. Сондықтанда біз бар білгенімізді балаға үйретуге тиіс­тіміз. Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында, одан кейін балабақшада өтеді. Оның өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, рет­теп отыру үшін қажетті жағдай керек. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата-ана баланы үнемі бақылап, жан дүниесіне оң әсер ететін іс-әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға десек, тәрбиешілер екінші анасындай болуға тиіспіз. Әрбір балапандарымызды 1 маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын, – деп лебізін білдірді.
Балабақша тәрбиеленушілері Тастанбек Нұрсезім «Бал балалық» әнін орындаса, «Қамажай» биін орындаған қыздар өнерлерін ортаға салды. Рысбай Талшын «Балдырған» әнін, жігіттерден құралған бишілер «Қара жорға» биін билеп қуантты.Балалар дөңгелене ән айтты, көңілді ойындар ойнады, би биледі және жаздың келуін тағатсыздана күтті. Оның келуімен балалар жазғы орманға қызықты саяхатын жалғастырды. Балабақшадағы мереке сыңғырлаған балалар күлкісімен көмкеріліп, шаттық пен көңілді сәтпен аяқталды.

Эленора ТҰРЛЫБЕКОВА
02 маусым 2021 ж. 832 0