№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мәдениет – адамзаттың айнасы

Мәдениет – адамзаттың айнасы


«Жаңақорған тынысы» газетінің ре­дак­циясына Түгіскен өнер мектебінің директоры Құлахмет Нәлтаев ағамыз келді. Жүзіне қуаныш ұялаған. Көңілі шат көрінді. Әңгімені көп ұзатпай бастап та кетті:

– Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, демей ме? Біздің әкімнің мәдениет саласына қамқорлығы ерекше, – деп әңгімесін бастады ол.
Иә, Руслан Рүстемовтің бойынан ақындық болмысты тануға болады. Үнемі өнер, мәдениет саласына дем беріп жүреді. Оның бұл қасиетіне бұрыннан таныспыз.
– Ұлттың рухани болмысын, адамдық бітімін ерекшелейтін не нәрсе? Мәдениеті мен өнері. Сондықтан ұлт өзінің мәдениетін дамытпай, өркендеудің жолын табу қиын. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Осы ретте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы ұлттық кодтан нәр алып, қазақ ұлтының жаһандану дәуірінде көш түзеуінің негізгі бағдаршамы болады. Міне, осыны Руслан Рүстемұлы терең түсінетініне разымын, – деді өнертанушы ағамыз.
Сөзсіз, мәдениеті жоғары елдің рухы биік, ал, рухы биік ел бәсекеге қабілетті болады. Құлекең осыған меңзегендей болды.
Бірнеше минутқа созылған тыныштықты ағамыз бұзып:
– Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің ісіне разымын. 2015-2016 жылдары ауданды тізгіндеген кезінде Аққорғанда өнер мектебінің ашылуын қолдады. Яғни №209 мектептің ескі ғимаратының екінші қабатын жөндеп, өнер мектебіне сәйкестендіру мақсатында күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етіп, тұсауын кесті. Біз осы жылдары қаншама шәкірт тәрбиеледік. Әкім өзінің фейсбуктегі аккаунтында «Өнер көкке жеткізер» деген жазба жариялағанында, төбеміз көкке бір елі жетпей, қатты қуандым. Есті естеліктер адамның көңілін марқайтады деген рас екен-ау. Содан бері әкімге алғыс білдіріп, тілеулестігімді жеткізгім келіп жүрген-ді, – деп келгендегі мақсатын түсіндірді.
Театр сыншысы Әшірбек Сығайдың сөзімен айтқанда, өнерін өлтіріп алған халық ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын. Ол үшін мәдениет саласын қолдап, жағдай жасау міндеті тұр. Түсіне білсек, сыншының салмақты ойы мәдениет саласының маңызын айқындап тұр.
– Руслан Рүстемұлы мәдениет, өнер адамдарын жақсы түсінеді. Оларды қолдауды, дәріптеудің маңызын біледі. Оның дәлелі, ауылдық округтерді аралаған кезінде мәдениет ошақтарына арнайы соғып, мәдениет қызметкерлерінің жағдайын біліп, мәселелерін зерделеді. Нәтижесінде клуб үйлерінің материалдық-техникалық базасын күшейтті. Біздің өнер мектебіне домбыра, баян, қобызшы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары штатын ашып берді. Сапалы 10 домбыра әперді, – деп ағынан жарылды Құлахмет Нәлтаев ағамыз.
Расында, аудан әкімі мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында техникалық құрал-жабдықтар, музыкалық аспаптар, концерттік киімдер т.б алуға ықпал етті. Мәселен, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйіне 3 компьютер, 2 ұлттық аспап, 1 цифралық фотоаппарат пен видеокамера алып берді.
Ал Сунақата ауылдық клубына дыбыс күшейткіш аппаратура, музыкалық ас­паптар және 12 комплект ұлттық киімдер, сахналық перде, Төменарық ауылдық клубына дыбыс күшейткіш аппаратура, ұлттық аспаптар, Сүттіқұдық ауылдық клубы сахналық киім, Қожамберді ауылдық клубына дыбыс күшейткіш аппаратура, принтер және сахналық киімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Бесарық ауылдық клубына ұлттық киімдер мен ұлттық аспаптар, Кеңес ауылдық клубына дыбыс күшейткіш аппаратура, Бесарық бекетіндегі клубына видеокамера, музыкалық аспаптар, Келінтөбе ауылдық клубы көрермен залына 300 орындық, сахна киімі, 2 ноутбук, 1 түрлі-түсті принтер, Түгіскен ауылдық клубы сахна киімі, көрермендер залына орындықтар, Әбдіғаппар ауылдық клубы дыбыс күшейткіш аппаратура, видео-проектор, аккордеон, Жаңарық ауылдық клубы музыкалық аппаратура алса, көрермен залына креслолар, сахналық киім, Екпінді ауылдық клубы ноутбук, Манап ауылдық клубы 2 дана микрофон, акустикалық колонкалар сапалы қызмет көрсетуге жарайтын болады.
Осылайша әкім ауданның мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасы жаңаруына ықпал етті. Бұл – мәдениет саласына істелген нақты қамқорлық, әрі мәденит саласын дамытудың шынайы жолы екені анық.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
23 қаңтар 2021 ж. 594 0