Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Той бастап, топты жарған әжелер

Той бастап, топты жарған әжелер


«Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық құндылықтарымызбен қауы­шып, асыл дәстүрлеріміздің қайта жандануына жан-жақты мүмкіндік туғызып отыр. Халықтық тұрмыс-салтымызды тірілтуде өнер және шығармашылық өкілдерінің тынысы кеңге ашылып, мүдделі тақырыпты қамтитын шаралар қатарын кеңге жаюда. Соның бірі – Машбек ауылдық Мәдениет клубы директоры Мира Таубаева ұйымдастырған «Той бастап, топты жарған асыл әжелер» облыстық байқауы. Арал ауданынан бастап Жаңақорған ауданы аралығын қамтыған байқау қатысушылары тақырып аясында ізденіп, ұлтымыздың ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерін ұрпақ санасында қайта жаңғырту талабына дем беріп, тұрмыстағы бүкіл қызықшылық-қуанышын әнмен-күймен өрнектей білген өнерпаз халықтың өнегелі үрдістеріне жан бітіруге тырысты. Түп негізіне даналық та, далалық та тәрбиенің қайнарын сіңірген халықтық құндылықтарымыздың сырлы иіріміне маңыз бере отырып, сәулелі үлгілерін санада жаңғыртқан талапкерлер шама-шарқынша байқаудың ережесін меңгеруге барын салды.
Байқауда Сұлутөбе Мәдениет үйінің «Асыл әжелер» ансамблі шілдехана тойымен, Жалағаш Шәменов атындағы Мәдениет үйі «Біз шаншу» салтымен, Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылының «Ақ әжем-алтын қазынам» атты әжелер ансамблі «Ат қою» салтымен, Жалағаш Аққыр ауылының «Ару ана» әжелер ансамблі «Танабау» көрінісімен, Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық Мәдениет үйі , Жаңаұорған «Арман» Мәдениет үйі, Машбек Нәлібаев клубы «Асыл анам» әжелер тобы, Шиелі кенттік «Арман» мәдениет үйі «Босаға майлау», «Құрсақ шашу», «Ат қою» салтын сахналап, соған орайлас «Тойбастар» әнін тарту етті.
Қашанда үлкендік жолымен көш бастайтын, бейбіт өмірдің тұғырын асыл тілекпен бекемдеп, ақ батамен көркемдейтін аға ұрпақтың үлгісімен Тойбастарда топ жарған асыл әжелеріміздің ақ кимешекке оранған нұрлы кейіптері мазмұнды кештің шырайын ашты. Әділ қазылар сахналық көріністің эстетикалық мән-мазмұнымен қоса көне салт-дәстүрлерімізді көзайым ете білген өнер ұжымдарының ізденісті еңбегін әділ бағалауда жан-жақты талапшылдықтарын танытты.
Сонымен онлайн үлгіде өткен әжелер ансамблі арасындағы өнер байқауында Бас жүлде мен жүлделі 1 орынды Жалағаш ауданы Аққыр ауылы және Шәменов ауылдық клубы өнерпаздары иеленсе, екінші орынды Тасбөгет және Бәйгеқұм, үшінші орынды Жаңақорған Арман мәдениет үйі және сексеуілдік әжелер бөлісті.
14 қазан 2020 ж. 683 0