Ұлық мереке ұлықталуы тиіс
Тәуелсіздікпен бірге жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жаңғырды. Дін мен діл, тіл мен дәстүр жаңаша мазмұн алып, елді рухтандырып, дамуға бастап келеді. Әсіресе халықты біріктіруші күшке ие ұлттық мейрамдарды ерекше атау керек.
Мыңжылдықтардан тамыр тартып, ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейін Ұлы Далада салтанат құрған Наурыз мейрамы арамызға қайта келгенінде қатты қуанғанның бірі болдым. Себебі Ұлыстың ұлы күні – мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі 1926 жылға дейін «Діни мереке» деген желеумен тойланбай келді. Ал 1988 жылдан Алматы қаласы мен республиканың басқа да өңірлерінде мереке қайта тойлана бастады. Біз де өз шаңырағымызда, көшемізде осы мерекенің өз деңгейінде тойлануына ықпал етудеміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыздың тұжырымдамасын дайындап, мерекені халықтық сипатын арттыруды тапсырды. Мемлекет басшысы өте орынды талап қойып отыр.
Біріншіден, Наурыз елімізде тұратын өзге ұлттардың ортақ мерекесіне айналып, бірлік пен берекенің арқауы болуы тиіс.
Екіншіден, ұлттық мейрам отбасылық, ұжымдық басты мерекеге айналуы тиіс. Сонда ғана халықтық сипатқа көтеруге болады. Президенттің ойынан осыны ұққандай болдым.
Кезінде Наурыз мерекесі қалай өтуші еді? Бұл сұраққа Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтан: «Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен Үндістан, Иран, Ауған, Бұхара, Кавказ, түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, Наурыздың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың жанды, жансыздың тірілуі, кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сияды» деп толғануының астарында да көп сыр жатқаны анық. Бұл бар қазақ асыға күтетін ең ғажап мереке», деген жауап аламыз.
Бүгінде Наурыздың бастапқы қалпынан алшақтап, сахналық қойылыммен шектелетініміз рас. Ескінің есті сөздерінде Наурыз жақсылықтың жаршысы, мейірімділіктің шуағы ретінде көрсетіледі. Яғни туған жерге қамқорлықты, адамдар арасындағы ыстық сыйластықты, дәстүрдің сабақтастығын тануға болады. Осы ретте, «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты Наурызды жаңғыртудың жаңа үлгісін ұсынғаны. Яғни, Көрісу күні, Шежіре күні, Жайлау күні (көшет егу, қоқыс тазарту шаралары), Игі істер күні (қайырымдылық шаралары), Шеберлік күні (спорттық шаралар), Зияткерлік күні (мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, жыр жаттау жарыстары), Жоралғы күні (салт-дәстүрлерді жандандыру шаралары), Ұлттық ас күні, Бұқара күні деп бөліп жалпыхалықтық сипатқа көтеруге болатынын алға тартуы көңілге қонды.
Сайдулла қажы ОМАРОВ