№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЫЛҚЫ МЕН ҚАЗАҚ ЕГІЗ

ЖЫЛҚЫ МЕН ҚАЗАҚ ЕГІЗ

Жылқы ұлттың сана-сезімін, рухани болмыс-бітімін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпының, мәдениеті мен өнерінің айырылмас бөлігіне айналған. Мұны әлем ғалымдары әлдеқашан мойындап қойған.

    Мәселен, ағылшын ғалымы Алан Оутрам «Science» журналына Қазақстанның байырғы тұрғындары жылқыны 5500 жыл бұрын қолға үйреткендігі жөнінде жазды. Мұны американдық археолог Дэвид Энтонидің «Жылқы, дөңгелек және тілдер» атты кітабы да, Германияның «Sueddeutsche Zeitung» газетінде жарық көрген «Әлемнің алғашқы салт аттылары» деген мақаласы да растайды. Ал, gazeta.ru интернет газеті: «Адамзат баласы қазіргі қол жеткен табыстары үшін ежелгі Қазақстан тұрғындарына, олар қолға үйреткен жылқыларға қарыздар» депті.
   Расында, Ұлы Даланың байырғы тұрғындары тұлпарды құрықтады. Сосын еркіне бағындырды. Мініп, желмен жарысты. Ажырамас серігіне айналдырды. Осылайша аттылы әскер пайда болды. Мұны көрген жаяулылар жылқы тұрпатты, адам тұлғалы құбыжық «Кентавр» деп зәре құты қашты.
   Зерттеушілер Кентаврлар бейнесінің ежелгі грек мифологиясында пайда болуын сақтардың алдыңғы Азияға жорығымен байланыстырады. Одан кейін ғұн әскері батысты бағытқа алғанда да «Кентавр» елесі Еуропаны шарлады...
Міне, адамзат өркениетіне прогресс сыйлаған Ұлы Даланың тұрғындары жаһандық империя құрып, Еуразия құрлығын уысында ұстап, әлемдік үрдістің бағыт-бағдарын бірнеше рет өзгертті.
   Ұлттық кодтағы осындай ұлылықты, ұлы қасиетті оятып, жастардың бойына отансүйгіштік, елжандылық рухын сіңіруге болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі идеялық мәні, маңызы осында.
Мақала өзегіне айналған «Атқа міну мәдениеті» басымдығында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі», – деді.
Олай болса, Байкалдан Балқанға, Мажардан Моңғолияға дейінгі Еуразия кіндігінде тұлпарының дүбірі қалған бабаларымыздың даңқты бастамасын жалғастыру бізге міндет.
Ол үшін өзімізді өзгеден кем санамай, замандар көшіндегі тарихымызды танып, бабалар мұратын шындыққа айналдыруға күш салуымыз тиіс...

Бердібек ЖОРАБЕК,
«Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері, көкпаршы.
27 қараша 2018 ж. 1 464 0