Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Абай – әлемдік ойдың алыбы

Абай – әлемдік ойдың алыбы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Семей қаласына арнайы ат басын бұрып, ұлы ақын Абайдың ұлдарының ортасында отырған сәтін бейнелейтін символикалық ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Одан әрі қаладан 180 шақырым жердегі ақынның байырғы қонысына табан тіреп, Жиделі-Бөрілідегі Абайдың мемлекеттік-тарихи, әдеби мемориалдық кешенінде болып, ақын рухына тағзым етті.
Ойшыл тұлғаның адамзатқа арнаған жүрек сөзі осы қараорында қауызын жарып, ұлт санасына ұмытылмастай ұя салды.



Жер үсті, аспан астын ортақ мекендеп, көңілі көк тіреп жүргенімен Құдыреттің құзырында қауырсындай қауқары жоқ адам баласының ғұмырына мән дарытып, мәңгілікке жалғайтын қасиетті сөз өне­рін терең меңгеріп, жаратылыстың ше­берлігін көркемдікпен кестелеген кемел ойлы ақынның мұралары – өшпес өнеге, өлмес мұра.
Ұлы ғұламаның аманатын ұлт жүрегіне орнықтырудың жолы қандай? Біз әсершіл, еліктегіш халықпыз. Жаңа­ны үйренуге құштармыз. Өзімізді үздік­сіз қамшылап, таңғажайыпты тап­­қымыз келіп тұрады. Осы бағытта Кон­фуцийді күн тұтып, Пушкиндерді пір тұтып, әр сөзін қойын кітапшамызға қаттап, көрінген жерде мақтап төбемізге көте­реміз. Ұлттың ұлы тұлғасы, адам болып қалыптасудың асқар үлгісін біл­гендерге анықтай, білмегенге танықтай айшықтап берген Абай атамыз тұрғанда өзгенің тәңір тұтқанына бізге табынып не керек?
"Атадан алтау, анадан төртеу, жал­ғыздық көрер жайым жоқ" деп көңіл тоғайтып сыр толғаған ақын неге бүкіл кең даласында кеңесерге қара таппай, достан үлгі қара таппай, құсалық күйге ұшырады.
Әдетте Абайдың кіндігінен 10 ұл-қыз тарады деп түйіп келгенімізбен, тарихшы, 28 энциклопедиялық зерттеулердің ав­то­ры Болатбек Нәсенов ақынның 22 перзенті болған деген тұжырым жасайды.
Бірақ Абайдың өмір-тарихы, Абай ұрпақ­тарының генеологиясы мен кар­тографиясы Ресей отаршылдарының империалистік цензурасынан өтіп, адам ажырата алмас өзгерістерге, қай­шылықтарға толып кеткен.
1903 жылы Абайдың отырған шаңы­рағына тінту жүргізілгенге дейін ақын тыныс-тіршілігі ұдайы жасырын бақылауда болды. Абай – сахарада өсіп тұрған жалғыз бәйтерек сынды еді. Өйткені оның даналық тұжырымдары, көкіректен қайнап шыққан көрікті сөздері мен кісі жан-дүниесін балқытатын сұлу әндері, діни де, ғылыми да тұжырымдамалары, көсемдік, шешендік қара сөздері орыстың кез келген ғұламасынан үстем түсіп жатқанын айқын мойындағандықтан осынау асыл қа­зынаны жоқ етудің амал-тәсілдері қарастырыла бастады.
Ол үшін Абайдың өзін ғана емес, оның ұрпақтарының көзін жоюу мақсұт етілді.
1880 жылдары Абайдың ақындық мектебі қалыптасқан Шыңғыстауындағы Қасқабұлақтағы қараша үйде әлемдік ойлар қордаланса осы мектептің ең талапты шәкірттері – Абайдың өз балалары болды. Ақынның біз білетін ұлдарынан Ақылбай – үлкен шаңырақтың тәрбиесінде болса, Әкімбай жеті жасында қайтыс болған. Ал Әбіші отыз бес жасында көз жұмады. Абай осы ұлынан өте көп үміт еткен. Әбішті оқытуға мал аямай, ұлттың болашақ бағдаршамы деп сеніп еді. Алғаш Семейде, одан соң Түменде әскери училищеде, одан әрі Санкт-Петербордағы институтта білім алған ол өкпе ауруына ұшырап өмірден ерте озды.

Баян Үсейінова
20 қазан 2020 ж. 521 0