Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Дипломмен ауылға»: жастар мәселесін шеше алды ма?

«Дипломмен ауылға»: жастар мәселесін шеше алды ма?

Жаңақорған – Қызылорда облысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ең көп үміткер қатысқан аудан. Тарқата айтсақ, бағдарлама аясында 2010-2019 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несиені 629 жас маман алса, 2020 жылы 80 маманның баспаналы болуына мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Семей қаласына арнайы ат басын бұрып, ұлы ақын Абайдың ұлдарының ортасында отырған сәтін бейнелейтін символикалық ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Одан әрі қаладан 180 шақырым жердегі ақынның байырғы қонысына табан тіреп, Жиделі-Бөрілідегі Абайдың мемлекеттік-тарихи, әдеби мемориалдық кешенінде болып, ақын рухына тағзым етті.
Жаңақорған Қызылорда облысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ең көп үміткер қатысқан аудан. Тарқата айтсақ, бағдарлама аясында 2010-2019 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несиені 629 жас маман алса, 2020 жылы 80 маманның баспаналы болуына мүмкіндік берді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру мақсатында пайызсыз несие берілуде. Әлеуметтік қолдау шараларының қатарында тұрғын үй алуға 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік несие қарастырылған. Бағдарламаның барысын аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұхитдин Салыбай: «Жоба бойынша биылғы жылы 79 адамға үй сатып алуы үшін 330 050,0 мың теңге қаралды. Өтініштер «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қабылданды. Аудан көлемінде тұрғын үйдің бағалау құны өзге аймаққа қарағанда төмендеу көрсеткендіктен, қаражат үнемделіп, тағы да бір адамға үй алуға жол ашылды. Осылайша, 80 маман үйлі болды, – деді.

Маман жыл басынан бері 80 жас маманға үй алу үшін 327134,3 мың теңге бөлінгенін, құжаты қатаң бақылаудан өткенін айтты. Несиеге қол жеткізген мамандар мезгілінде несиесін төлемесе, жауапкершілікке тартылатынын түсін­дірді.
Пайызы төмен несиеге қол жеткізіп, алайда келіскен қаражат мөлшерін мезгілінде төлей алмай жүргендер баршылық. Оларға сот орындаушылар мен прокуратура қызметкерлері үстінен іс қозғауда. Бұл туралы аудан прокуроры Дарын Әбіш: «Бүгінгі күні прокуратураның қадағалау актісімен 10 млн теңге қаражат мемлекетке өндірілді. Бұл ретте азаматтарға ескерту хаттары беріліп, өз міндеттерін тиісінше орындамаса, сотқа талап арыз беріледі. Тиісінше соттың атқару парағы негізінде несие берешегі жеке сот орындаушыларымен мәжбүрлі түрде өндіріледі. Сондықтан, әрбір несие алған азамат әрекетінің құқықтық салдарын түсініп, несиені төлеу жөніндегі міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс, – деп ескертуін айтты.
Айтпақшы, осы жылдың соңында бағдарлама аясында 43 маманға 11945,4 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме түріндегі әлеуметтік қолдау берілмек. Жәрдемақы мөлшері бір маманға 277800 теңге. Ал, түрғын үй алушыларға биыл 4167000 теңге үлестірілген.
Баспана мәселесін шешіп, өз үйіне қолы жеткен жастар арасында денсаулық сақтау саласы бойынша үміткер Ілесбек Қасымбек аудандық емханада мейіраға болып еңбек етуде. Ол: «Құжаттарым мен өтінішімді онлайн тапсырып, кейін қортындысын күттім. Көп ұзамай «сіздің сұранысыңыз сәтті аяқталды» деген жауап келгенде қуандым. Баспанамызды таңдап, өзімізге қолайлы аймақтан алдық. Күтпеген жерден олжалы болдым, – дейді.
Ал, тәрбие орталығы жас пихолог-логопед маманы Арнат Әбіламитов қатарластары осы бағдарламамен үй алып, жағдайын түзеп жатқандықтан, осы мемлекеттік қолдауда бағын сынап көруді жөн санапты.
– Таныстарымның талайы жаңа үйге кіріп, қоныс тойларын жасады. Сұрай келе, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының ең тиімді несие көзі екенін, мамандарды қолдау мақсатында берілетінін ұқтым. Биыл бар жігерімді жиып, құжат тапсырып, бақ сынап көрдім. Нәтижесінде, мемлекеттің айрықша қолдауын сезіндім, – дейді.
Осы бағдарламаның игілігін көрген ауыл жастары жетерлік. Соның бірі – Қосүйенкі ауылының мал дәрігері Өткір Әбсадықов: «Мал дәрігері болып еңбек ете бастағалы 4 жыл толды. Ауылдың тыныс-тіршілігіне де әбден қанықтым. «Дипломмен ауылға» бағ­дарламасын естігеніммен, оған құжатты қалай тапсырамын деген оймен жүрдім. Сұрастыра келе, биылғы жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжат қабылданатынын газет­тен оқып, дереу іске көштім. Үй таңдап, оның құжаттарын рәсімдеп, соңында пайызсыз қаржылай көмекке қол жеткіздім. Ауылда талай мен секілді құжатты тапсыруды білмей жүрген жандар бар шығар, еш алаңдамай қарекетке көшкен жөн екен, – дейді.
Бізге сұхбат берген жас мамандар қаражатқа қол жеткізуде әділдік болғанын, несиенің жай-жапсарын толық түсінгендерін жасырмады. Бұған кереғар пікірдегі адамдар да аз емес. Қалай болғанда да бағдарлама жас мамандарды қолдаудың ұтымды тетігі.


Мақпал МАРҚАБАЙ


20 қазан 2020 ж. 732 0