№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨКТЕМДЕГІ МӘНДІ МЕРЕКЕ

КӨКТЕМДЕГІ МӘНДІ МЕРЕКЕ


Көктем әсем табиғатпен бірге ерекше мерекелермен құнды. Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі қарсаңында қарбалас тіршілік те басталады. Атаулы күндер құрметіне өткізілген аудандық шаралар жайлы көптеген хаттар қоржынымызға келіп түсуде. Осы хаттар жайында шолу жасағанды жөн көрдік.
АУЫЛДАҒЫ МЕРЕКЕ
Бесарық ауылдық клубында «Әйел тіршіліктің тұтқасы» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында ауыл әкімі Әлібек Абдуллаев аналарды мерекемен құттықтап, ауылға еңбегі сіңіп жүрген ханымдарды және өзге ұлт өкілдерін аудан,ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Өз еңбектерімен көрініп жүрген ауылымыздың кәсіпкерлері мекеме басшылары демеушілік жасап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне сыйлықтар үлестірілді. Концертке Шара Қайырбергенованың ұйымдастырумен кітап көрмесі қойылды. Мереке ауыл жастарының концертіне ұласты. «Айсыновтар» халықтық жанұялық ансамблінің мүшелері Бәден Қайсар «Мама» әнін Сырым Айсынов қазақ әндерінен попурир орындады. Мерекелік концерт өте жоғары деңгейде өтті. Келген қалық ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, өзге ауылдық округтерде де аналар мейрамы жоғары деңгейде өтті. Адамға шаттық пен қуаныш сыйлайтын мейрам аясында түрлі сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылды.

КЕЛІН ТҰРСА ИІЛІП...
Машбек Нәлібаев ауылдық округінің ауыл клуб үйінде «Келіні жақсы үйдің, көңілі жайлау» атты аудандық келіндер сайысы өтті. Байқауға 16 елді мекеннен 16 келін бақ сынады. Кеште «Ұрпақтан – ұрпақа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әзия Қыстаубаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ғалымжан Шәдібекұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының кеңесшісі Нариман Үсенұлы, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Әлібек Әкімбек қатысып, өз пікірін жеткізді. Байқау бес кезеңінен өткен жеңімпаздар, марапат мінберінен көрінді.
Сайыс қортындысы бойынша, Машбек Нәлібаев ауылының түрғыны Гүлзат Нұрлыбаева бас жүлдені қанжығасына байлады. Бірінші орынға жаңақорғандықТұрғанай Бейсенбекова, екінші орынды жайылмалық Айдын Кекілбаева және Әбдіғаппар ауылынан Нәзгүл Оразбекова иеленді. Үшінші орын иегерлері – Машбек ауылы тұрғыны Сымбат Төлепбаева, Бесарық ауылы тұрғыны Тұрғанай Белгібаева және Кейден ауылы тұрғыны Мейрамгүл Тұрғанбаева. Қалған 9 үміткер «Алғыс хаттармен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Айта өтуіміз керек, кенттегі келіндер сайысы Арман мәдениет үйінде өткен еді. Байқаудан бас жүлде алған Тұрғанай Бейсенбекова аудандық сайыста бәсі биік екенін аңғартты.

ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ
Байкенже ауылдық округінде «Әйел күннің шуағынан жаралған» атты мерекелік іс шара жалғасын тапты. Ауыл әкімі Нұрғали Оспанов мырза құттықтау сөзімен ашып, ауылдың бірқатар белсенді аналарын ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, шара соңы әжелер сайысына ұласты.
Сайысқа ауылдың өнегелі әжелері – Қансұлу Қанаева, Айболған Әбуова, Айман Жүнісова, Гүлмира Жолдасбекова, Мадина Төлегенова, Салтанат Дәукенова қатысты. Әжелер кейінгі келіндерге өнегеліктің өрнегін көрсетіп, құрақ құрау, көрпе көктеу, жіп иіру секілді ата-дәстүрді насихаттады. Байқауға қатысқан ақ самайлы аналарды ауыл әкімі марапаттап, арнайы сыйлықтар тапсырды.

БҮЛДІРШІНДЕР БАЙҚАУЫ
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Бірлік ауылындағы «Нұрасыл-Ш » балабақшасында «Айгөлек» тобы бүлдіршіндері арасында «Көктем аруы» сайысы өтті . Сайысқа қатысқан бүлдіршіндер арасында Нұрбереке Тасболат бас жүлде, Нұрдина Нұрғазы І орын, Інжу Шаттық ІІ орын, Анель Мұса және Сая Қойшыбай ІІІ орын иеленіп, марапатталды. Бұл сайысқа қатысқан талантты бүлдіршіндермен қатар ата-аналарының белсенділігі байқалды.

БАЛАБАҚШАДАҒЫ
АНАЛАР КҮНІ
Отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын əжелер, аналар, əпкелер мен қыздарға құрмет көрсету ежелден салтымызға сіңген қасиет. Осы ізеттілікпен мереке қарсаңында Қожакент ауылындағы «Аялы алақан» бөбекжайында «Анашым асыл қазынам» атты мерекелік кеші өтті. Балауса бөбектеріміз əндер айтып, би билеп өлең шумақтарынан шашу шашып аналарға құрмет көрсетті. «Еркетай орталық» балабақшасындағы ана мен бала сыйластығын арттыратын шара «Ана-ән, бала оның қайырмасы» тақырыбанда өрбіді. Пернебай Ақбілек балақай анасы Аякөз екеуі бірігіп, түрлі сынға төтеп беріп, бас жүлдені иеленді. Бірінші орын Сезім Күзембай, екінші орын – Әли Бақберген, үшінші орын – Саян Нұрлыбек иеленді. Жеңімпаздарды балабақша меңгерушісі Гүлмира Сүлеймен бағалы сыйлықтармен марапаттап, «Алғыс хат» табыстады. «Ақбота», «Болашақ», «ЕрНұр», «Нұрасыл-Ш», «Нұрай-қыдыр» балабақшаларында ана тақырыбында ертеңгіліктер өтті. №7 «Қызғалдақ» балабақшасынан редакциядағы аналарды құттықтаған хат келіп түсті. Хатта: «әрқашан мына өмірге сән беріп, мейірім төгіп, шуақ шашып жүрген сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін» делінген.
Жалпы, аудандағы 123 балабақша мерекелік кештерді өткізудегі белсенділігі жоғары. Міне, «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнін» аудан балабақшалары жоғары деңгейде өткізді.

Мақпал ПӘТЕНОВА.
13 наурыз 2018 ж. 2 066 0