№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

МЫҢ АЛҒЫС


Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді.

Елбасы осылай бүкіл Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.
Иә, көктемнің алғашқы мерекесі «Алғыс айту» күні де келіп жетті. Бұл күн қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірліктің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні. Шуақты мерекеде бір-біріне алғыс айтып, рақметін білдіруге ниетті жандардың мерейі тасиды. Осындай көңіл-күй «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығындағы шарамен жалғасты.
Қазақ қашанда қонақжай, бауырмал халық екенін бауырына басқан 130-дан аса ұлтты жатсынбай, бір тудың астында, бір үйдің балаларындай тұрмыс кешуінен аңғаруға болады. Ізеттілігі мен ілтипаттығы, сыйластығы мен салт-дәстүрге құрметі бір. Аудан орталығында өткен мерекелік кешке жиналғандардың арасында әр түрлі ұлт өкілдері бар. Бәрінің жүрегі қазақ деп соғады. Осылай басталған шараны ХХ ғасырдың 30-50 жылдары қазақ даласының тарихын суреттеген бейнебаян ашты. Ел-елден жер ауып келген әр түрлі этнос өкілдерін баласындай бауырына, досындай төріне шығарып, бір атаның ұрпағындай туыс боп өмір кешкені туралы көрініс туралы көрініс керемет әсер қалдырды. Әлі де осы ұрпақ сабақтасығы жалғасып келеді. Жаңақорған топырағында да өзге деп өзегінен теппей, қайта ағайындай араласып кеткен басқа ұлт өкілдері жетерлік. Бір мүдде жолында ортақ жүкті көтеріп жүргені үшін оларды аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков құттықтап, алғысын білдірді.
– Бұл күн қазақстандықтардың бір-біріне деген сыйластығының, елдегі тұрақтылықтың белгісі іспеттес. Бұл тек алғыс айту күні ғана емес, Тәуелсіз елде татулықта күн кешіп жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің тарихына деген құрмет. Сондықтан, баршаңызды, көктемнің шырайлы күнімен келіп жеткен «Алғыс күнімен» жын жүректен құттықтаймын, – деген ол жаңақорғандықтардың отбасыларына табыс, бірлік, ынтымақ тіледі. Құттықтау сөзден кейін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай облыс әкімінің «Алғыс хатымен» бірнеше сарбаз марапатталды.
Одан кейін, аудан әкімінің «Алғыс хатына» аудан экономикасының өрлеуіне үлес қосып жүрген бірнеше қызметкер ие болды. Ал, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай Шраздин Жұмабаев, Абдуқахар Абдуллаев және Мұстафа Жиенқожаев сахна төріне көтеріліп, ілтипатқа бөленді.
Одан әрі, әуелеген әндер сахна төрінде шырқалды. Қазақ, орыс пен өзбек, қырғыз әуендері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мың бұралған бишілер де түрлі ұлттың биінен үзінді қойды. «Алғысым шексіз...» атты концерттік бағдарламаны қыздар триосы «Ағайынбыз бәріміз» әнімен қорытындылады.
– Нағыз алғыс – жылы жүректен, риясыз көңілден шығады. Сондықтан, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкіміне рахметімді айтам. Жалпы, қазақ деген елде тұратыныма Жаратқанға тәубе етемін. Әсіресе, бір шаңырақтың астында тамырлы туыстай етіп ұйытып отырған Елбасына алғысым шексіз. Сол үшін де «шүкір» деймін. Менің келбетім өзге болғанымен жаным қазақ, – деді №53А.Романов атындағы орта мектептің ұстазы Виктория Анатольевна.
Бүгінде Жаңақорғанда 19 өзге ұлт өкілінен 551 тұрғын тұрады. Оның ішінде, түріктер – 165, орыс ұлты – 149, кәрістер – 84. Барлығының да қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларына суықта пана, ыстықта сая болған қазақтай дархан халыққа алғысы риясыз.
Қорыта айтқанда, татулық пен достастыққа бастаған ізгі шараның тәрбиелік мәні зор. Алғыс айту күні халықтың достығын, ынтымағын нығайтып, ел мүддесін ортақ бір арнада тоғыстыратын мерейлі мереке. Оның астарында өзара құрмет пен сенімді ту еткен қазақстандықтарды біріктіруші күш, ізгілікке шақырар ілтипат, сезімге толы сенімділік жатыр.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
03 наурыз 2019 ж. 1 363 0