Бейбіт күннің бағасын білген халықпыз



- Халық бірлігі қасиетті сөз. «1 Мамыр» – адалдық пен татулықтың, жасампаздық пен жақсылықтың, бейбіт күн мен береке баяндалатын шынайы мереке. Бірлік, достық, сыйластық болған жерде кез-келген елдің түтіні түзу түтеп, тіршілігі тынымды болатыны хаһ. Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» деп Қазақстан халқын баянды болашақ жолында бөлінбей, бірге тірлік етуге шақырды. Міне соның нәтижесінде, көреген көшбасшының сарабдал саясатының арқасында елімізде түрлі ұлт өкілдері мен этностық топтар бір атаның балаларындай тіршілік кешуде. Өз ауданымыздың өзінде 600-ге жуық өзге ұлт өкілі тұрмыс кешіп, аудан абыройы үшін түрлі салада еңбек етіп жүр. 2017 жылы облыс бойынша «Үздік аудан» атансақ, 2018 жылы кәсіпкерлік саласының шыңын бағындырып, Республика бойынша II орынға шықтық. Мұның бәрі – татулықпен еткен тіршіліктің нәтижесі деп білемін. Олай болса, баршаңызды бір шаңырақ астында, баянды бақыт жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Бейбіт өмір берекесі, халық ынтымағы арта берсін, – деді. Игі мерекемен барша жұртты құттықтаған аудан басшысы, түрлі салада қызмет атқарып, еңбек сіңіріп жүрген өзге ұлт өкілдері мен аудан тұрғындарын арнайы «Алғыс» хатпен марапаттады. Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан орталық алаңда спорттық ойын түрлерінен де жарыстар ұымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
Ханзада ДОШАН.- Суретті түсірген Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.