Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Аудан өнерпаздары онлайн концерт берді

Аудан өнерпаздары онлайн концерт берді

   "Жаңақорған тынысы" Талант иесіне коронавирус кедергі емес. Аудан өнерпаздарының әлеуметтік желідегі өнерін көріп осындай ойға қалдым. Иә Жаңақорғанның өнерлі азаматтары індеттен еңсесі басылған елдің көңілін көтеріп, рухани күш сыйлау үшін өнерлерін ортаға салуда. Біз де желідегі концерттен рухтанып, қолға қалам алдық.

   М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен онлайн концертінен кейін «Біз үйдеміз» онлайн эстафетасы жолданып, өнерпаздар өз шаңырағында шығармашылығын шыңдай түсті. Түрлі бағытта өрбіген өнер кеші барша ауылдастар қатысқан үлкен шараға айналды. Естеріңізде болар, Ұлы Отан соғысы кезінде ақын, әнші Нартай Бекежанов бастаған өнерпаздар ауыл-ауылды аралап, еңсесі езілген жұртқа рухани күш бергені. Міне, сондай жағдайды көргендей болдым. Бұл жолы коронавирус елді тығырыққа тіреді. Ал көпшіліктің көңілін көтеруде қайтадан өнерпаздар көмекке келді. Бұл жолы ауыл-ауылды аралап емес, әлеуметтік желілерде өнерлерін ортаға салып, жанды дауыста ән шырқауда.
Осы эстафеталық концертті алғаш­қылардың бірі болып Әбсұлтан Бексұл­танұлы ұсынды. Әкесі Бексұлтан Байкен­жеевтің «Гүлденген Жаңақорған», «Бұл­­бұлым», «Ақшолпаным» т.б әнде­рін орындады. Оны жүздеген жаңа­қорғандықтар тікелей желіде тамашалап, оң пікірлерін жолдады.
Одан кейін Кенже Әкімбаева, Сайран Ділманов, Талап Тотаев, Әйткүл Камалова, Айдарбек Молдабек, Тохтар Әжімұратов, Айжарқын Найманбаев, Құралай Әлиева, Жасұлан Сабырханов, Балауса Сахан, Бөрібай Бекарыс, Іңкәр Әлиасқар желіде өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңілкүй сыйлады. Күйші Назерке Жәнібек, Ақнұр Қалдыбаева домбыра мен қобызбен күй төкті. Пернелі күйсандықта ойнап, елге танымал музыканы әуелеткен Рашит Ертаев, саксафонда ойнаған Айдарбек Молдабек, «Айсыновтар» отбасылық ансамбльінің мүшелері ұлттық аспаптармен өнерлерін көрсетті.
Жастық шағын сағынған жандарға 1980-1990 жылдардың ретро-әндерін де тыңдауға мүмкіндік мол. Осы бағытта «ЭСПРЕСС» ансамбьлінің алтын хорынан күн сайын бір ән тарту етілуде. Ретро әншілердің көшінде Досмұхасан Уншибаев, Бақытгүл Тасхожаева, Құлахмед Нәлтаев бастап тұр.
Жыраулық дәстүрді жандандырып, Сырдың сырлы мақамына салып, 62 тамырыңды иіткен Уалихан Ибрагимов, Ғалымжан Омаров, Мұхтар Дәрібаев, Көкен Өскенбай сынды орындаушылардың өнерін айтпай кетуге болмас.
Ауданның 26 ауылдық округіндегі мәдениет қызметкерлері де концертке мән беруде. Соның ішінде Жаңарық, Байгенже, Сүттіқұдық, Бесарық, Бірлік ауылдық клуб үйінің белсенділігін ерекше атау керек.
Туған жерден шалғай жүрген жерлестер де осы эстафетаға өз үнін қосып, өнер көрсету үстінде. Сосың бірі Әбдірейім Азиза классикалық «Бұлбұл» әнін нақышына келтіріп орын­дап, тыңдармандарының қошеметіне бөленді. Көпшілік сұранысымен әлемдік классикалық әндерді құйқылжытып, желі­дегі достарының санын арттыруда. Осы бағыттағы әншілер Азизаның ізін күн сайын жаңартып, жаңа леппен керемет көңіл күй сыйлауда.
Үйде отырып, өз өнерін көрсету көшінде көркемсөз оқудың қас шеберлері де үнсіз қалмады. Олар сахнада көрсеткен образдарын қайталап, көріністен үзінді келтіруде. Соның бірі ұзақ жылдар бойы ауданның мәдениет саласында табанды еңбек еткен Гүлнар Байтөреева өзі ойнаған спектакльінен ана образынан үзінді оқып, бір ауық елдің назарын көркем шығармаға аударды. Осы ізбен Дінмұхаммед Әбжап­паров, Роллан Бақтыбаев та өз сахналық өнерін ұсынды.
Мәдениет үйінің өнерпаздары бастаған виртуальды концертке жасөспірімдер де белсенді қатысуда. Мұхтар Абдулланың «Қазақ елім», Әзизбек Тасболатов «Жаңақорған», Дінмұхамед Жамур «Біз, біргеміз», Жанель Дарханқызы «Қазақ елі осындай» әнін салғанда сүйсінбеген жан қалмағандай.
Аудан өнерпаздарының бұл қадамын құптаған аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева алдағы уақытта үрдіс жалғасын тауып, түрлі онлайн байқаулар ұйымдастыратынын жеткізді.
Бұдан түйгеніміз, өнерпаздар шығар­машылығын шыңдауға ешқандай жағдай әсер ете алмайды. Тек ниет пен ықылас болса болғаны.

Мақпал ПАТЕНОВА
14 сәуір 2020 ж. 1 044 0