№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бибігүл Төлегеновамен бір сахнада өнер көрсеттім

Бибігүл Төлегеновамен бір сахнада өнер көрсеттім

Қырық жылға жуық өнер әлемінде адал тер төгуі арқасында еншілеген «Айсыновтар ансамблі» деген атының өзі құрметті атақпен бірдей естілетін осы бір отбасы республикаға танымал. Бұған дейін талай сында топ жарған өнерлі отбасы кеше Қазалы қаласында өткен отбасылық ансамбльдер байқауында тағы да бәйгені қанжылады. Елге қуанышпен оралған құтты шаңыраққа арнайы соғып, ансамбльдің негізін қалаған Бәден ақсақалды әңгімеге тарттық.
– Жүлде құтты болсын! Кезекті байқауда үздік шықтыңыздар. Соның қыр-сырымен бөліссеңіз.
– Рахмет, қарағым. Жеңістің сыры біреу ғана – еңбек. Ең бастысы, отбасында ауызбіршілік пен  татулық болса алынбайтын қамал жоқ.
– Сіздің өнеріңізге қанықпыз. Ансамбль құрамындағы ұл-қыздарыңыздың өнері жайлы  айта отырсаңыз?
– Ансамбліміз осы отырған ұл – қыздарым, келін, немерелерім, жалпы апаң екеумізді қосқанда он екі адамнан құралған. Оған жетекші Айымкүл апаң, өзі шаңқобызда ойнайды. Сырым 6-шы сыныптан бастап ансамбльде өнер көрсетіп жаныма жалау болған ұлым, басқалары бір төбе болса Сырым мен Шерәлі мен үшін бір төбе, Сырым аккардеон аспабын нақышына келтірсе, қобыздың күйінШерәліден артық ешкім келтіре алмас. Домбыраның біз үшін орны бөлек, қазақтың күйінің барлығы дерлік домбыраға арналған, сондықтан да біздің құрамда бәріміз дерлік домбыра шертеміз, бас домбырада Сәкенім, құрамында өзіммен қоса қызым Гүлзира мен келінім Алмагүл және немерелерім Жасын мен Кәусар бар. Барабан деген аспабымыз тағы бар, оны Қайсар ойнайды. Шаңқобызды апаң нақышына келтіріп, келіндермен бірге ән  айтады. Сылдырмақты сылдырлатып ансамбльдің сәнін келтіріп жүрген келінім Жібек. Міне, осындай құраммен ауызбіршілігіміз жарасып кез-келген бәйгеде озық болып келуіміз осылардың арқасы.
– Бүгінгідей биікке қол артуда қанша қиындық артта қалды, өнердің қызығынан шыжығы басым емес пе?
– Дұрыс айтасың, қарағым. Осы жетістіктер оңай келген шаруа емес, өнер адамы халық алдында қашанда сұлу болу керек. Қиын қыстау замандарда мына отырған апаң мені жігерлендіріп, жаныма демеу болды, – деп әңгімесін әріден бастады.
– Мен халық әртісі Бибігүл Төлегеновамен бірге сахнада өнер көрсетіп, Венгрияға дейін сапарлап қайтқан адаммын.  Алматыда біраз жыл қызмет атқардым. Десе де туған жердің сиқыры тартатын да тұратын. 1975 жылдары Қызылорда қаласына келдім. Мұндағы өмірімді бала тәрбиесіне арнап, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бірнеше жыл мұғалімдік қызмет атқардым. Сонда байқағаным, біздің ауданда өнерге тұншығып жүрген жастар көп екен. Алайда оларды өнерге баулитын  мектеп жоқ. Ойымда тек бір мақсат туған жердегі өнердің отын өшірмеу. Содан университеттегі жұмысты тастап Бесарыққа келіп өнер мектебін ашып, шәкірт тәрбиелей бастадым.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын, аудандағы мәдениет саласының майталмандары Әбілтай Сүлейменов, Манап Көкенов, Махмұт Әуезовтер осы ансамбльдің құрылуына бірден – бір еңбегі сіңген жандар. Біріміз домбырада, біріміз қобызда ойнап жүрген шағын отбасының үлкен отбасылық ансамбльге айналуында осы жандар бізге демеу болды. 1980 жылы «Айсыновтар» отбасылық ансамблі болып негізіміз қаланды. Ауыл, аймақта өнер көрсетіп жүрген бізге 1982 жылы облысаралық фестивальге шақырту келді. Қазақстан телеарнасында «Халық – талант қайнары» атты облыс аралық телефестиваліне Қызылорда облысы атынан қатысып, алғы орыннан көріндік. Араға он жыл салып 1992 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігінің қаулысымен «Айсыновтар отбасылық халықтық» ансамблі атағы берілді. Осы жиынға арнайы келген Шара Жиенқұлованың «мына отбасы халықтық атақты берсең де бермесең де аламын деп тұрған ансамбль екен» деген сөзі әлі есімде жаңғырып тұрады. Сәбит Досановтың «Халықтық» атағы сертификатын тапсырғаны бізді тағы бір дәрежеге жеткізгенді. Қанша қиын-қыстау заман өтті, 90-шы жалдардағы тоқырауға қарамастан,осы уақытқа дейін жеттік шүкір Аллаға.
– Ізіңізді басқан перзентіңіз – Сырымға келгенде өзегіңізді суырып берердей жаныңыз бөлек. Мұның сыры неде? 
– Бұл баламнан бала кезден үміт күткенім рас. Ол 6-шы сыныптан бастап музыкалық аспаптарда еркін ойнай бастады. Алғаш Қызылорда облысының 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың Ақмешіті» фестивалінде дипломат атанды, 2011 жылы «Түрксой» халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және ұлы дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінде орындаушылық шеберліктің өзіндік үлгісі сертификатының иегері атанып келді. 2013 жылғы 15-31 наурыз аралығында Түркияда өткен «Түбі бір түркі дүниесі» Наурыз мейрамында өнер көрсетіп, ұлттық өнерді насихаттап, қазақ өнерін көөкке көтерді. Осында «Түрксой» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың «Алғыс хатымен» марапатталып бізді тағы бір қуантты. ЭКСПО 2017 көрмесінде «Сырдария – Жырдария» атты гала-концертте сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған, осы жылдары Түркия мемлекетінің Қайсери қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы фестивальде өз өнерін көрсетіп, Қазақстан атын танытып жүрген жайы бар. Бүгінде Түркия мемелекетінен дәстүрлі фестивальдерге үнемі шақыртулар алып тұрамыз, – деді мақтанышын бүкпей.
Туған өлке өнерінің отын өшірмей шағын ауылда мектеп ашып, оркестр құрып, отбасылық ансамбль құрап осындай үлкен мәдениет ошағына айналдырған Бәден ақсақал мен Айымкүл апа  бүгін талай отбасыға үлгі.
Ал, Айсыновтар ансамблі қаншама қиындықтар мен тоқырау заманына қарамастан ауызбіршілігі арқасында, осы күнге жетіп отыр. Туған жер мәдениетін көтеру әр азаматтың парызы деп өнердің өрістеуіне үлесін қосып жүрген өнер ұжымының өміршең болуына тілектестік білдіреміз.
Майра ҒАНИЕВА
16 қараша 2019 ж. 1 517 0