№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Өрт тілсіз жау

Өрт тілсіз жау


Тазалық  айлығы  кезінде тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаған жөн.  Әсіресе  аулаларды, үй аралары мен көшелердегі қоқыстарды  жинауда сақтық шараларын естен шығармау қажет. Мүмкіндігінше, қоқыстар  мен қоралардағы шөп қалдықтарын  (сабан) көлікке тиеп, арнаулы орындарға шығарған абзал. Тұрғындардың ашық от жағып оны бақылаусыз  қалдыруынан, балалардың от пен ойнауынан  немесе қалдық  сабан шөпке  түскен сөндірілмеген темекі қалдығынан үлкен өрттің пайда болуы туындайды.

Сондықтан, қалдық шөпті  немесе қоқыстарды  өртеу тек өзіңнің жеке үйіңе ғана емес, айналаңдағы көршілеріңе қатер төндіретінін естен шығармайық.  Болатын өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алуының себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі  ережелерін сақтамағандығынан, балалардың отпен ойнауынан, электр жабдықтарын монтаждау, және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан туындайды.
Өрттің тілсіз жау екенін бәріміз түсінсек те, оның нағыз мәнін ұғына бермейміз. Бұл тұрғыда ауылдық  жерлерде  далада жаңа шөп шығу үшін  жер өртейтін әдет бар.  Мал азығы үшін бәлкім дұрыс болар. Алайда, бұл шара кейде қараусыз қалып далалық өрттерге ұласып кету оқиғалары кездесіп жатады.
Төтенше жағдайлар кезінде "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ұмытпаңыздар.

Жаңқорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
07 сәуір 2023 ж. 172 0