№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аула сыпырушы

Аула сыпырушы

Мен — аула сыпырамын, яғни грузинше оны "қоқыс жинағыш" дейді – менагве. Таңғы 5-те тұрамын, баламды крестпен аластап, әжесінің қойнына жатқызып кетем. Менің шығып кеткенімді біздің тотықұс қана байқайды.
Соңғы бес жылда жирен түсті күртеше киіп шығам. Күннен бұрын ағаштармен, көшелермен, бүкіл Жер шарымен амандасып үлгеремін. Көзім нені көрсе, сонымен амандасамын.
Елдің өз жұмысы бар, олардың шаруасы қоқыс шашу, мен сол қоқысты жинап, жәшіктерге төгем, ішімнен күліп, риза болам – аула сыпырушының баласы ешқашан жерге қоқыс тастамайды, ант етейін!
Ағаштар иіліп, менен кешірім сұрайды. Қарт адамның қолы қалтырап, ұстағанның бәрін төгіп ала бергеніне олар кінәлі емес. Мен оларды кешірем. Сауылдап төгілген жапырақтарды да кешірем. Көшеде көргендер мені ит орнына оқынбайды. Көршім жанымнан өтіп бара жатып, амандаспайды да.
Кей адамды менің кір киімім шошытады. Кейбіріне сыпыртқым ұнамайды. Ал бәз біреуге сақалым жаман көрінеді. Сақалым үшін бес жасар ұлым мені аяз ата-әкешім деп атайды.
Қоқысты жинап жүріп, төсегінде ұйықтап жатқан ұлымды, қарт анамды ойлаймын. Сағат 9-да үлгерді ме балабақшаға, әлде үлгермей қалды ма екен, ә? Аула сыпырушының баласы балабақшаға я мектепке кешікпегені абзал...
Қайда қарасам да, мені көргендер не аяп тұрады, не жиіркенеді. Көздерінен жылу көрмеймін. Тек көшенің иттері аяқкиімімді жалайды. Онда да қоқыс жәшігінен ит жейтін бірдеңе тауып, алдына тастасам ғана...
Мен — аула сыпырушымын...
Аула сыпырушыны грузинше "қоқыс жинағыш" дейді. Оның үстінен қоқыстың иісі мүңкіп тұрады.
Бес жыл бұрын қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте тауып алдым. Қазір ол менің ұлым. Сондықтан күн сайын адамдардың қоқыс тастағаны үшін Жаратқанға тәубе деймін.

Орыс тілінен аударылған
03 қаңтар 2020 ж. 1 311 0