№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы әкімдігінің алдындағы арбат бойына орнатылған жаңажылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысты.


Жаңа жыл – тек күнтізбе ауысатын кез емес, үлкендердің өткенге есеп беретін, алдағы күнге жоспар құратын уақыты. Ал, ертегі мен таңғажайыптарға сенетін балалар үшін армандар орындалатын, мол сыйлық алатын, жасыл шырша жанында асыр салатын мереке. Сондықтан дәстүрге айналған шырша шамын жағу рәсімі жыл алмасатын шақтағы көтеріңкі көңіл-күйді шарықтата түсті.

Іс-шарада аймақ басшысы тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Енді аз күнде тарих қойнауына кететін 2023 жыл аса маңызды оқиғаларға толы болды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің даму қарқынына оң бағасын берді. Тамыз айынан бері Қызылорда облысы өңірлер арасында үздіктер қатарына, яғни, алғашқы үштікке орнықты. Аймақ бюджеті 609 млрд теңгеге жетті. Облыстың даму бюджеті 2,5 есе артты. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы, қаладағы ең өзекті мәселелердің шешім табуына, тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға жұмсалуда. Табалдырығымыздан аттайтын жыл еліміз бен аймағымыз үшін табысты, берекелі болғай!», – деді облыс әкімі.

Аймақтың бас шыршасын жағу мәртебесі «Сыр дарыны» сыйлығының иегері, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы Сәбина Әбдіғаппарға, парадзюдодан Азия ойындарының жеңімпазы Олжас Оразалыұлына, талантты термеші, республикалық байқаулардың жүлдегері, бала жырау Нөсер Айдосұлына табысталды.

Мерекелік іс-шара көңілді концертпен жалғасты. Эстрада әншілері Қыдырәлі мен Қарақат, жергілікті өнерпаздар кеш қонақтарына ән-жырдан шашу шашты.

Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сыр елінде 6 елді мекен табиғи газға қосылып, ауылдарда 7 дәрігерлік амбулатория, өзге де әлеуметтік нысандар ашылды, тұрғындар жаңа баспанаға қоныстанды. Жыл соңына дейін тағы бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек.

©Облыс әкімінің баспасөз қызметі
28 желтоқсан 2023 ж. 707 0