№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Аудан ардагерлерінің кезекті отырысы өтті

Аудан ардагерлерінің кезекті отырысы өтті

Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің отырысы өткізілді. Пленум отырысына ардагерлер кеңесінің алқа құрамы, Пленум мүшелері, сондай-ақ, арнайы шақырумен аудан әкімі Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Пленум отырысының күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселелер қаралды. Жиынды сөз алған аудан басшысы Мұрат Тлеумбетов барша ардагерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ардагерлер кеңесінің жұмысына сәттілік тіледі.

«Сіздерді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Аудан ардагерлер ұжымы қоғам өміріне өзіндік үлес қосып келе жатқан қауым. Аудан көлемінде жеті мыңнан астам зейнеткер бар. Зейнет жасына шыққанымен жастарға тәлім-тәрбие беруде, елді ауызбіршілікке шақыруда қалыс-қалмай тәрбиелік маңызы зор істерге ұйытқы болып келеді. Сіздерден ақыл, кеңес ала отырып, Тәуелсіз елімізді дамытудағы іргелі жұмыстарды бірлесе атқаратынымызға да сенімім мол.» - деді аудан басшысы.

Жиын соңында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Халықаралық журналистер одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, ақын Сахиев Файзулла Пазылбекұлын 75 жас мерейтойына орай ауданымыздың ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасын» табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Осыдан кейін, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ауданымыздың бірқатар ардагерлеріне Қызылорда облысының «Құрметті ардагері» төсбелгісін табыстады.
15 желтоқсан 2023 ж. 192 0