» » » Газ пешінің мұржаларын үнемі тексеріп отыру керек.

Газ пешінің мұржаларын үнемі тексеріп отыру керек.

Газ мекемелері тұрғын үйлерді аралап газ қауіпсіздігіне қатысты үйме-үй техникалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қыс маусымына дайындық жұмыстары өте төмен деңгейде екенін көрсетті. Мәселен, Жаңақорған кенті, Абай көшесіндегі тұрғын үйдің мұржасына мұз қатып бітеліп қалған, улы газ артқа қарай үйдің ішіне кірген.

Салдарынан 17 жасар бала газбен уланып отыр.
Ауруханаға жеткізілген бала аман, қазір таңда жағдайы жақсы. Осындай тұрғын үйдің мұржасына мұз қатып бітеліп қалу жағдайлары көптеп кездесуде. Сонымен бірге, газбен уланудың тағы бір жағдайы мұржалардың төмен орналасуы, кішкентай ашық тесіктер, нәтижесінде газдың үйге кіріп, қайғылы жағдайға себепкер болуда.
Мұндай жағдайлар улы газбен уланудың қауіптілігімен қоса, тұрғын үйлердегі мұржаларды үнемі тексеріп отырудың маңыздылығын көрсетеді.

Осы орайда, Сіздерден газпештің горилкасынан бастап тексеріп, мұржаны тазалау, шлангілердің жарамдылығын қарап, утечкасын анықтап алған жөн. Жалпы газ сырттан кіргеннен бастап, үй ішіндегі газ процесінің толық жұмысын бір қарап, техникалық қадағалу жұмыстарын жүргізу қажет.

Әрине әрбір істе өз ісінің маманына жүгінгендеріңіз абзал. Сақтық шараларын уақытында қабылдау адам өмірін сақтап қана қоймай, осындай төтенше жағдайлардың алдын алады.
Улы газдан сақ болыңыздар!

Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі
15 желтоқсан 2023 ж. 630 0