№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қысқа дайындық қалай?

Қысқа дайындық қалай?


Сақтықта қорлық жоқ. Қыс қыр астында. Жыл беру маусымы да жақын. Кент тұрғындарының дені газбен қамтылған. Ал қауіпсіздік жайы қаншалықты пысықталған? Мұржалары тазаланып, пештің оттықтары қалыпты күйде ме?


Брифингке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, «Газ Транс Газ Аймақ» компаниясының өкілі Самат Қаниевтер қатысып өз ойларын ортаға салды.
Міне, осы сауал төңірегінде аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің ғимаратында брифинг өтті. Жиынды ашқан аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимов алдағы қысқы дайындық жұмыстары жөнінде тоқталды.
– Күзгі жиын –терім уақыты аяқталуға жақын. Ал қыс болса жақындап келеді. Кенттегі тұрғын үйлер мен ғимараттардың деніне газ тартылған, десе де қауіпсіздік жайы алаңдатып отыр. Аталған мәселе жалпыға ортақ. Атқарылып жатқан жұмыстар да бар. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті болдырмау үшін де пысықтауымыз тиіс, – деді. Сөз алған “ГазРеммонтаж” ЖШС маманы Роза Спатаева техникалық қызмет шартына байланысты тұрғын үйлерді аралап, жалғыз тұратын және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қауіпсіздік жағдайын бақылап жүргендігін жеткізді. Әлде де болса кенттегі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үй-үйді аралайтынын жеткізді.
Маманның аудан тұрғындарына құлаққағыс ретінде айтқаны, рұқсатсыз қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ қондырғыларын ауыстыру үшін рұқсат алуы тиістігін айтты. Ал егер тексеру барысында заңсыздықтарға жол берілгендігін анықталса акт жасалып, айыппұл төлейді.
Адам шығыны болмауы тиіс. Ол үшін қауіпсіздікті қатаң бақылауға тиіспіз деген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев биылғы жылы 41 өрт оқиғасының тіркеліп, оның 2 оқиғасы тұрмыстық жылыту пештерінің ақаулығынан орын алғандығын тілге тиек етті. Сондықтан пештерді пайдаланғанда барынша сақтық шараларын қатаң ұстау қажеттілігіне тоқталды.
– Былтыр жылу беру маусымында аудан көлемінде көмір қышқыл газынан уланудың 6 жағдайы орын алып, салдарынан 1 адам қаза тауып, 19 адам уланып ауруханаға түскен. Орын алған оқиғалардың басты себебі тұрғын үйлердегі тұрмыстық пештердің ақауынан, сапасыз көмірден, пешке көмірді көп салу, тұрмыстық пештердің түтін шығатын арналарына маусымдық тазалау жұмыстарын жүргізбеуі себепті орын алған, – деді маман.
Сондай-ақ тұрғындарға түсіндіру жұмыстары кеңінен насихатталуы қажет екендігін баса айтты. Ал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Зейнулла Әшірбаевтың айтуынша аудандағы әлеуметтік нысандардың 101-і қатты отынмен, 19 нысанның сүйық отынмен және 23 нысанның газ отынымен жылытылатынын, алда сұйық отынмен жылытылатын мектеп ғимараттарының бу қазандықтарын сұйытылған газға ауыстыру жоспарланып отырғандығын жеткізді. Газдандыру бойынша кент орталығындағы 27 әлеуметтік нысанның 23-і алдағы жылыту маусымында газды пайдаланатынын айтты.
Елбасының елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуді тапсырмағы белгілі. Сол тапсырғаны жемісі кент тұрғындарының 97 пайызы газбен қамтылып, отын кіргізіп күл шығару жұмысынан жеңілдегеніміз ақиқат. Десе де, жағып отырған пешіміз бен есептегіш құралының толыққанды жұмыс істеп, қауіпсіздік жағдайының толық сақталғанына мән берейік, ағайын!

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА

13 қыркүйек 2020 ж. 588 0