Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жыл басынан бері 3 бала терезеден құлаған

Жыл басынан бері 3 бала терезеден құлаған


Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері «Терезе» профилактикалық шарасы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Биыл көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлаудың 3 жағдайы тіркелді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан оқыс оқиғалар жиі тіркеледі екен. Сондықтан көпқабатты тұрғын үйлерде сақтық шараларын барынша сақтап, балаларды терезе маңына жақындатпауды ескертті.

-Жақында «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-ші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Бұл оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Қаламызда көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлап кету жағдайлары жиі тіркелуде. Мәселен, биыл 3 жағдай тіркелсе, өткен жылы 10 бала терезеден құлаған. Өкінішке орай, оның 2-і қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады. Құрметті қала тұрғындары кішкене балаларыңызды бақылаусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Бала қауіпсіздігі – ең бірінші орында, - деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түймебаев.

15 маусым 2022 ж. 560 0