Теміржол қауіпсіздігі өзекті
Соңғы кездері теміржол бойынан адамдардың себепсіз пойызға басылып, жан тәсілім етуі жиіледі. Биылдың өзінде аудан көлемінде бірнеше жағдай орын алды. Оның екеуі аудан орталығында орын алып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Одан бөлек келеңсіз жағдайлар да орын алуда.
Соған байланысты, қараша айының 6-мен 17-сі аралығында “Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!” акция өткізілуді. Бұл акция әлі жалғасын табады, басты мақсат теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесі. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі қызмет атқару аймағындағы көлік обьектілерінде жылжымалы құрамдардың адамдарды басып кету фактілерін алдын алу, сондай-ақ балаларға теміржол бойындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту мақсатындағы шараның маңызы зор.
Акция аясында атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тоқтар ДОСЫМБЕКОВ, Жанакорган ст ЖПб