Газ құюрда сақ болыңыз...
Үйдегі газ мәселесінен бөлек газ құю бекеттеріндегі өрт қауіпсіздігі бүгінгі күні аса маңызды болып тұр. Өйткені кейбір немқұрайлықтың салдарынан өзге өңірлерде келеңсіз жағдайлардың орын алғаны алаңдатуда. Сондықтан оның сақталуы жөніндегі үгіт-насихатты тұрғындарға түсіндіру күн тәртібіне енгізілді.
Апта басында Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Ш. Жәдіков, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы Ғ. Тәжібаев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ж. Әмір бірлесіп аудан көлемінде орналасқан барлық газ құю бекетіне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдай орын алған жағдайдағы алғашқы дұрыс іс-әрекет етуді түсіндіріп, барынша сақтық шараларын қатаң ұстауға шақырды. Оған қоса тұрмыстағы газ балонына газ толтыруға тыйым салынатынын ескертті. Сонымен бірге өрт пайда болған жағдайда 101 немесе 112 нөмеріне хабарласу қажет екендігі айтылды. Мұндай түсіндірме жұмыстары жалғасын тауып, қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауда болады.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі