Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қылмыстың жолы кесілді

Қылмыстың жолы кесілді

Қазір қоғамдағы кез келген қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралар жиі жүргізілуде. Әсіресе, вокзал, пойыз транспорты қатаң бақылауда. Соған байланысты жақында Қызылорда стансасы желілік полиция бөліміне қарасты Жаңақорған стансасы ЖПб қызмет ету аймағында маусым айының 14-16 аралығында «Стоп трафик» Жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қызмет ету аймағында жолаушылар поездарында адам саудасымен, оларды тартумен, ұрлаумен бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған. Сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырудың және ұстаудың жолын кесуге бағытталды. Бұл жоспарлы шара әлі де жалғасын табады.

Іс-шара аясында Жаңақорған стансасы ЖПб-нің қызметкерлерімен қызмет ету аймағында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілуде. Егерде сіз аталған қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз көрсетілетін телефон нөміріне хабарласуыңызға болады. Бұл қоғам үшін өте керек бағдар болып тұр.

Тоқтар Досымбеков, Жаңақорған ст ЖПб ППт полицейі
20 маусым 2023 ж. 311 0