№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Каналдар тазалануда

Тіршіліктің негізгі көзі болып табылатын су, оның ішінде каналдар мәселесі жер еміп, нәпақа тауып жүрген шаруаларды терең ойландыратыны рас. Ішкі су жүйелерінің тазаланбауы диқандардың еңбегінің ақталмауына әкеліп соғады.


Бүгінде елдегі төтенше жағдайға байланысты қабылданған карантиндік режимге қарамастан аудандағы ағын су тапшылығын жойып, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру және ағын су көлемін үнемдеу бағытында ауқымды жобалар қолға алынған.
Бұл жайлы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев жеткізді.
– 2021 жылға аудан бойынша егілген 36 108 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Сырдария өзенінен суаруға 603 млн. текше метр су жоспарланған. Оның ішінде 516 млн. текше метрі ауыл шаруашылығы дақылдарын суару мақсатында, 87 млн. текше метрін экологиялық ахуалды жақсартуға, көлдерді толықтыру, шабындықтар мен жайылымдықтарды суландыруға жұмсалу көзделуде.
Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, аудан бойынша су шаруашылығы нысандарын дайындау жоспары жасалып, тиісті деңгейде жүргізілуде.
Атап айтқанда, су жүйелерін тазарту жұмыстары бүгінгі таңда шаруашылықаралық каналдарда 67,0%, ішкі шаруашылық каналдарда 94,0%, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, шаруашы-лықаралық каналдарды көктемгі егіске дейін жөндеу жоспарланса, ішкі шаруашылық каналдарда, насос қондырғыларын жөндеу, гидробекеттерді жөндеу толығымен жүргізілді.
Каналдар бойынша көктемгі егіске дейін Сунақата магистралды каналының ПК 83-тен 136-ға дейінгі аралығынан 30 мың текшеметр топырақ шығару жұмыстары жүргізілуде. КМК-ның ПК 309-дан (Келінтөбе ауылдық округінің тұсы) 1 дана су тоспасына, ПК 607-ден (Қожакент ауылдық округінің тұсы) 1 дана су тоспасына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, –деді бөлім басшысы.
Сондай-ақ, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Төменарық ауылдық округін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін «Левая ветка» және «Үміткөл» каналдарына 2 дана, Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2» каналына 2 дана, Сүттіқұдық ауылдық округіндегі «Шілдекі» каналына 2 дана, Екпінді ауылдық округіндегі «Ақбастау» каналына 1 дана, Байкенже ауылдық округіндегі «Дөңбай» каналына 1 дана, барлығы 8 дана, құны 76 777,6 млн.теңгені құрайтын, секундына 500 л су айдайтын СНП-500/10 дизельді насос қондырғысын әкеліп, орнатып беру жоспарлануда екен. Биылғы жылы Аққорған ауылдық округіне қарасты «Р-6-3», Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2» каналындарын тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұл каналдар алдағы өтетін Мәслихаттың сессиясына қаралатын болады. Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мақсатында Сумағар каналын 4 км лайқадан тазалау жұмыстарына 27,6 млн. қаржы қарастырылуда. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
08 наурыз 2021 ж. 6 567 0