№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көктемгі егінге дайындық қалай?

Көктемгі егінге дайындық қалай?


Жаңақорған – аграрлы аудан. Яғни аудан тұрғындары жерден ризық-несібесін айырып отыр. Осы тұрғыда алғанда, аудандық мәслихатта өте өзекті мәселе қаралды. Ол – көктемгі егіске дайындық барысы талқыланды.


Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Жек­сенбаев көктемгі егіске дайындықтың барысын баяндады.
Оның сөзінше, аудан бойынша егілетін ауылшаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілді. Жоспар бойынша 36108 гектарға егіс егіледі. 781 шаруашылық құрылымның 485-і егін шаруашылығына бейімделсе, оның 200-і күріш дақылын егеді.
2021 жылы 12750 гектарға дәнді дақылдың дәнін жерге тастауды межеленіп отыр, оның 7300 гектары күріш, 4590 гектары күздік бидай, 100 гектары жаздық бидай, 50 гектары арпа, 550 гектары жүгері, 250 гектары тары.
Мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков Сырдария өзенінде судың деңгейі жылдағыдан төмен болатынын ескертіп, қазірден шаруа қожалық төрағаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күрішті межеленген мөлшерде егуді басшылыққа алу маңызды екенін жауапты маманның назарына салды.
– 2020 жылы 7300 гектар жерге күріш егу жоспарланды. Алайда шаруа қожалықтар межеден 1000 гектар жерге артық екті. Бұл – түсіндірме жұмыстары өз деңгейінде атқарылмағанын көрсетеді. Былтыр 50 гектар күріштік сусыз қалды. Сондай жағдай қайталанбауы керек. Елді мекендерді аралағанымызда тұрғындар канал мен су қашыртқыларын қазу, апаттық көпірлерді жөндеуді ұсынды, – деді Ғалымжан Жарқынбекұлы.
Сөзге араласқан аудандық мәслихаттың депутаты, «Казсушар» РМК Қызылорда филиалы, Жаңақорған аудандық өндіріс учаскесі бастығының орынбасары Баянбек Халжанов:
– Қазір Сырдария өзенінен Шардара су қоймасына 567 метр куб су келуде. Ал, Шардараның жалпы сыйымдылығы 5,2 миллиард текше метр болса, қазір 3,9 миллиард текше метр су жиналды. Көксарай су реттегіші 3 миллиард текше метр су қабылдауға қауһарлы болса, онда 1 миллиард текше метр су бар. Дәл қазір Сырдария өзенінде 250 метр куб су ағуда. Бұл – жылдағы су мөлшерінен бірнеше есе төмен, – деді.
Ауылшаруашылығы саласының қыр-сырына қанық Ғ.Сопбековтың алаңдауы негізсіз емес. Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасы 19,5 миллиард текше метр су қабылдай алады. Қазір онда 10 миллиард текше метр су жиналды. Бұл – жылдағы мөлшерінен бірнеше есе аз. Оған Өзбекстанның дария суын қажетінше пайдаланатынын қосыңыз. Бұрын шөміштеп ішетін суды енді қасықтап ұрттауға тура келетін уақыт келді.
– Ауылдық округтердің теңгерімдегі каналдар мен су қашыртқыларын тазалау жұмыстары уақытылы жүргізуі тиіс. Биыл бірқатар елді мекендегі су жолдары тазаланады. Осы жұмыс қоғамдастық мүшелерімен ақылдасып, тиімді жүргізу міндеті тұр. Сосын күріштіктің көлемін арттырмауға, суды аз қажет ететін дақыл түрлеріне басымдық беру маңызды. Осы бағытта үгіт-насихат жұмыстары мен семинарлар өткізу керек, – деді мәслихат хатшысы.
Аудандық мәслихаттың депутаты, «Бекарыс-Агрофуд» ЖШС директоры Серік Мырзабаев шаруалардың көктемгі егінге дайындығын саралау аса маңызды іс екенін, алдағы уақытта аудан әкімдігімен бірлесе өзендегі су тапшылығына байланысты ауқымды семинар-кеңес өткізу маңызды екенін атады.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
20 ақпан 2021 ж. 2 245 0