Қазақстанның байланыс операторлары қашықтан оқуға арнаулы тариф енгізеді
Қазақстанның ұялы байланыс операторлары қашықтан оқу үшін арнаулы тариф әзірледі. Бұл туралы «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов айтты, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мұндай тарифтің бар екенін нақты айта аламын. Шынымен де жетекші ұялы байланыс операторлары «Білім» тарифін әзірледі. Құны – 990 теңге. Ол жаңа оқу жылының басында қолжетімді болады. Біз бұл мәселені шешуге белсенді қатысқан едік. Бұл тарифтен Kundelik.kz ресурсына мегабайт жұмсалмайды», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетсек, арнаулы тарифтің іске қосылатындығы осы жылдың шілде айында белгілі болған еді. Аталған тарифтік жоспар барысында оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен тегін сөйлесе алады.
Мұнан бөлек, отандық білім ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі 380 ресурсты қолдап отырғаны белгілі.

Пікір 1