№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » IMEI-кодыңыз тіркелген бе?

IMEI-кодыңыз тіркелген бе?


Қазақстандықтар өздерінің мобильді телефондарын жыл соңына дейін тіркеулері тиіс. Қазіргі таңда абоненттік құралдарды тіркеу туралы қолданыстағы ережеге түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жасалып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап

2016 жылы Қазақстанда терроризм және экстремизммен күресті күшейту мақсатында мобильді телефондардың IMEI-кодын тіркеу енгізілді. Құрылғы идентификаторы оның иесі кім екенін анықтай алмайтыны іс жүзінде белгілі болды. Бұл үшін ең алдымен әркім жеке телефонын өз ЖСН нөмірі арқылы тіркеуі тиіс.
«Бұл шара жоғалған телефондарды табу, қылмыстарды ашу мақсатында оргадардың жедел іздестіру қызметін оңайлату үшін жасалынбақ. Сіз тіркелген телефонның иесі болсаңыз, егер телефоныңызды жоғалтып не ұрлатып алсаңыз, өтініш жазасыз да, ал құқық қорғау органдары IMEI-код арқылы телефонды таба алады», - деді ҚР АКМ комитеті төрағасының орынбасары.
IMEI-кодты ұялы байланыс операторларының кеңсесінде немесе абоненттің жеке кабинетінде тіркеуге болады. Осылайша, жалпы деректер базасында мобильді телефон нөмірі ЖСН және IMEI-кодпен байланыстырылмақ. Сарапшылардың сөзінше, елді дүрліктірмеу үшін тіркеудің ыңғайлы ережесі ойластырылып жатыр.
«Бұл мәселенің басында ең бірінші абоненттің өзі тұрады. Сол себепті абонент еш қайда бармай-ақ өзі жасай алатындай жағдай қарастырылмақ. Егер ұялы байланыс операторында бар абонент туралы мәліметтің барлығы дұрыс болса, онда абонент алаңдамаса болады. Яғни ол автоматты түрде тіркеледі», - Виталий Ярошенко.
Егер абонент өзінің құрылғысын сатамын десе үйден шықпай-ақ оны басқа адамның атына тіркей алады. Абоненттер туралы мәліметтер мемлекеттік радиожиілік қызметінің бірыңғай деректер базасында сақталатын болады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі келер жылдан бастап телефон IMEI-коды тіркелмеген абоненттерге ұялы байланыс операторлары қызмет көрсетпейтін болады деп хабарлады.
02 сәуір 2018 ж. 1 366 0