Енді кімдер жедел жәрдемге хабарласа алмайды?
Ұялы телефонының нөмірін тіркемеген тұрғындар 103-ке хабарласа алмайды, деп хабарлады Шымкент жедел жәрдем стансасы Facebook-тегі ресми парақшасында, – деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.
"Шымкенттің жедел жәрдем қызметіндегі 103 нөміріне түсу үшін ұялы телефондағы нөміріңіз қалада тіркелген болуы қажет. Бұл денсаулық сақтау саласының талабы емес. Ұялы байланыс операторлары тіркелмеген нөмірлерге осындай шектеу қойып отыр", — деп жазылған хабарламада.
Ал жедел жәрдем қызметкерлері тәулігіне 24 сағат бойы қоңырау қабылдайды.
Қалалық жедел жәрдем стансасы тұрғындарды мұндай техникалық қолайсыздық үшін түсіністік танытуға шақырды.
Қалада тіркелмеген нөмірлерге қойылған шектеулерге қарамастан, жедел жәрдем стансасына балама нөмірлер арқылы хабарласуға болады: +7 7252 —53-91-14, 43-31-89, 43-55-82, 43-33-01, 39-08-23".
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген ұялы телефонға байланыс қызметі көрсетілмейтінін мәлімдеген еді.
"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMEI-код + SIM-карта + тұлғаның ЖСН-ні сызбасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Сондықтан азаматтар осы жылдың соңына дейін өз құрылғысын тіркеуі қажет",- деді ол.

Пікір 2