ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫС ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке және аймақ басшыларына халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағыталған міндеттер жүктеген болатын. Әсіресе, әлеуметтің әлеуетін арттыру басты назарда. Осы тұста, әкімдікте өткен аудан активінің отырысында Жаңақорған ауданында 2019 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы сараланды. Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен есепті жиында сала басшылары алты айда атқарылған жұмыстар легін хабарламаға арқау етті.
Бірінші кезекте, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов «Жастар жылы» аясында жүзеге асып жатқан жобалар мен жұмыстарды таныстырды.
– Жаңақорған ауданында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 22736 жасты құрайды. Бұл аудан тұрғындарының 24,6%-на тең. Ал, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың ішіндегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрайды. Аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығына» есепті мерзімде 1462 жас хабарласып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан 490 азаматтың, 166-сы 29 жасқа дейінгі жастар. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қоғамдық жұмыс орындарына 96 жас жолдама алып жұмыс жасауда. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан 423 адам өтінішін білдіріп, оның ішінде жастары-289-ды құрап отыр. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 24 жасқа мемлекеттік грант берілді және 58 жас Бастау бизнес бағдарламасы негізінде оқуға жолданды. Мәселен Келінтөбе ауылынан 3 жас Бизнес бастау бағдарламасымен оқып, қайтарымсыз 252000 теңге грант алды, – деді Әбілғазы Берденұлы.
Сондай-ақ ол ІІ-жартыжылдықта мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз жағынан аз қамтамасыз етілген жастарға жастар лагері мен жас ақындар мүшайрасын ұйымдастыру, кәсіпкерлік дағдылары бойынша оқыту курстары ұйымдастырылатынын тілге тиек етті.
Мұнан кейін мінберге көтерілген аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Серік Өмірбек:
– Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1480 адам хабарласса, соның 1209-ы яғни 81,6 проценті жұмысқа орналастырылған. Тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 532 адам, Әлеуметтік жұмыс орындарына – 158 адам, Жастар практикасына – 132 адам, Қоғамдық жұмысқа тартылғандары – 343 адам. Жалпы 2019 жылы 940 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланғанымен әзірге 568 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл жылдық жоспардың 60,4 проценті. Аталып өткен жұмыс орнына 558 адам тұрақты түрде жұмысқа орналасып, 98,2 процентті құрады.
Оған қоса, жыл басынан бері 6 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтіп, 100 азаматқа жолдама берілді. Нысаналы топтағы азаматтар арасынан түскен хабарлама 103 болса, соның жұмыспен қамтылғаны : мүгедектер –23, жазасын өтеп келгендерден арасынан – 23 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, – деді.
Үшіншіден, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жасппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жобалар сараланды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға барлық ауылдық округтен 201 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда «Аруана» шаруақожалығы мобильді оқу орталығы арқылы Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінде «малшы» мамандығы бойынша 30 адам оқып жатыр екен. Оның ішішнде әйелдер саны – 10. Сондай-ақ ауданда «Бастау-Бизнеспен» 180 үміткерді оқыту жоспарланса, қазіргі таңда 102 адам оқытылып оқуын аяқтады. Әйелдер саны – 47 болса, жастар саны – 34. Оған қоса, «Бизнес Кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 90 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 64 адам оқып сертификат алған.
ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛУДА?
Келесі кезекте аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметқали Қасқабаев жергілікті бюджеттің жай-жапсарын баяндады.
– 2019 жылы қаржы саласы бойынша қаңтар-маусым айында жергілікті бюджет 119,1 пайызға орындалды. Оның ішінде; салықтық түсімдер 116,6, салықтық емес түсімдер 162,0, ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 292,6 пайызға артығымен орындалды.
Ал ауылшаруашылығы саласы бойынша 4 269,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде; өсімдік шаруашылығына 33,6 млн. теңгег, мал шаруашылыына 4 222,5 млн. теңге үлестіріліп тиісті шара атқарылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік саласы бойынша көш басында екенімізді ескерсек, бұл сала бойынша да ауыз толтырып айтарлықтай жетістік жетерлік.
2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 4099 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Оның 250 заңды тұлғалар,1621 шаруа қожалықтары, 2225 жеке кәсіпкерлер. Белсенді субьектілер саны 3960, жұмыспен қамтылған адамдар саны 9244 адамға жетіп, 3401,2 млн. теңгенінң өнімдері өндіріліп, түрлі қызметтер көрсетті. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда осы кезең сапалық және сандық деңгей бойынша едәуір жоғары, – деді Ахметқали Қасқабаев.
Одан әрі аудандық қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков игерілген қаржының есебін хабарлады.
– Өзін-өзі басқару бюджеті бойынша есепті айда әрбір ауылдық округтің өз кірісітер бөлігенде 2019 жылдың 1 шілдесіне барлығы 43286,3 мың теңге жоспарланып, одан 52098,6 мың теңге түсім болып, 8812,3 мың теңгеге артық орындалды. Бұл 120,4 пайызға артық игерілген. Ағымдағы жылы нысаналы және нысаналы даму трасферттерден 2537519,6 мың теңге жоспарланып, 100,0 пайызға орындалды. Ал заңнаманың қабылдануына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер 22302,0 мың теңге жоспарланып, барлығы 100,0 пайызға орындалды. Осылайша аудан бюджетінің шығыстары 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін бөлінген сумманың 99,7 пайызын игерді, – деді сала басшысы.
Есепті жиынды түйіндеген аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы ауыл әкімдері мен сала басшыларына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттерін басты назарға алуды жүктеді. Әсіресе, әлеуметтің әлеуетін арттыру – күн тәртібінен түспейтінін жеткізді.
Лаура БИБАСАРОВА