№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда: қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдаланғанын байқасаңыз...

Қызылорда: қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдаланғанын байқасаңыз...


Қызылордада қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану фактілеріне куә болсаңыз, WhatsApp арқылы құзырлы органға хабарлауға болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев мәлімдеді.
Қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін департамент WhatsApp мессенджерінде аккаунт (+7 705 787 26 26) ашты. Тұрғындар қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану деректерін видеоға немесе суретке түсіріп департаментке жолдай алады.
Берікбол Байхожаевтың айтуынша, Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, оның ішінде автокөлік құралдарын ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы тиіс. Сондай-ақ, кез-келген азаматтың WhatsApp арқылы мемлекеттік ұйымдарға тиесілі автокөліктің жеке мақсатта пайдаланылғаны туралы фактілерді дәлелдерімен бірге жолдау мүмкіндігі бар».
Айта кету керек, жыл басынан бері қызметтік автокөлікті қызметтік мақсаттан тыс пайдаланған 2 мемлекеттік органның басшысына Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен тәртіптік жаза қолданылған.
05 тамыз 2019 ж. 939 0