Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылордалық мемлекеттік қызметшілердің тәртіп бұзушылықтары азайған

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілердің тәртіп бұзушылықтары азайған



Қызылорда облысында тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға азайған.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев брифингте мәлімдеді.
Биыл 6 айда облыс бойынша 342 мемлекеттік қызметшітәртіптік жазаға тартылса, өткен жылы осы кезеңде 486 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заңбұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген.
«Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдермен 332 іс-шара ұйымдастырдық. Шаралар барысында қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған Әдеп кодексінің қойын кітапшалары таратылды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілермен жасалған заңбұзушылықтардың санының азаюына әсер етуде», - деді Берікбол Байхожаев.
02 тамыз 2019 ж. 935 0