№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ҚЫЗМЕТТІК КУӘЛІК ID-КАРТАҒА АЛМАСТЫРЫЛДЫ

ҚЫЗМЕТТІК КУӘЛІК ID-КАРТАҒА АЛМАСТЫРЫЛДЫ


Б
үгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің барлық қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің орнына ID-карталар енгізілді.
 ID-карталарды пайдалану функционалдық міндеттердің бірқатарын тиімді орындауға мүмкіндік береді (деректерді сақтау, объектілер мен ғимараттарға еркін кіру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшінің ерекше қызметтік мәдениетін айқындап көрсетеді.
         Бұл жағдайда қызметтік ғимараттарға кіру үшін қолданыстағы қызметтік куәліктер мен магниттік карталардың орнына ID-карталарды енгізу ұсынылады. Қызметтік куәліктерді теріс пайдалану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ бюджет шығындарын оңтайландыру жоспарланған (қызметтік куәліктердің жасау құны,                        ID-карталарды жасау құнынан кемінде бес есе жоғары).

 Мұндай карталарды пайдалану мемлекеттік қызметшілердің тәртіптілігін арттыруға және азаматтардың тануы арқылы, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру күтілуде.
         Қазіргі таңда ID-карталар Агенттіктің және аумақтық департаменттердің барлық қызметкерлері үшін пилоттық тәртіпте енгізілді. 
         Тәжірибе оң нәтиже берген жағдайда, ID-карталармен алдағы уақытта барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері қамтамасыз етіледі.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы
басқармасының бас маманы
А. Сәлімжан
20 ақпан 2018 ж. 1 104 0