№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерін WhatsApp арқылы жолдай алады

Қызылордада қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерін WhatsApp арқылы жолдай алады


Қызылордада қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану фактілеріне куә болсаңызWhatsApp арқылы құзырлы органға хабарлауға болады.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментібасшысының орынбасары Б.Байхожаев брифингте мәлімдеді.
Қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін Департамент WhatsApp мессенджерінде аккаунт(+77057872626) ашқан. Тұрғындар қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану деректерін видеоға немесе суретке түсіріп Департаментке жолдай алады.
Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевтың айтуынша«Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, оның ішінде автокөлік құралдарын ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы тиіс. Сондай-ақ, кез-келген азаматтың WhatsApp арқылымемлекеттік ұйымдарға тиесілі автокөліктің жеке мақсатта пайдаланылғаны туралы фактілерді дәлелдерімен бірге жолдау мүмкіндігі бар».
Айта кету керек, жыл басынан бері қызметтік автокөлікті қызметтік мақсаттан тыс пайдаланған 2 мемлекеттік органның басшысына Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен тәртіптік жаза қолданылған.
05 тамыз 2019 ж. 711 0