№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!

Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!


Халықтың тұрмыстық қажеттілігінен, тұтыну тауарынан кәсіпкерлердің заңды салығы туындайды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қолма-қол ақшасыз экономикадан цифрлы қоғамға көшіп, көлеңкелі бизнеске тосқауыл қою керектігін ескертті. Көлеңкелі экономикамен күрестің негізгі тетігі – тұтынушының чек талап ету қағидасын арттыру. Ал, ауданда халықтың чек талап ету ұстанымын дамытуға байланысты қандай жұмыстар жасалуда? Осыны білмекке Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына арнайы бардық.


– Жыл басынан бері аудан бойынша 84 онлайн кассасы орнатылып, олар «Қазтелекомға» тіркеліп, жұмыс жасауда. Дегенмен, «Береке», «Заңғар», «Магнит», «Ғани», «Қара бура» сынды ірі сауда орындарында ғана тұрақты түрде чек беріледі. Негізінде, нақты қаражатқа жұмыс жасайтын кәсіпкерліктің барлық түрі чек беруі тиіс. Бұл табыстың нақты көрсеткішін жасырмау үшін қажетті. 2020 жылы чек беру қағидасы заң жүзінде іске қосылып, барлық кәсіпкерлік саласы онлайн кассаға ауыстырылады. Бүгінгі таңда сол үшін жұмыс жасаудамыз. Аудан тұрғындарының сауда мәдениеті әлі де белсенділікті қажет етеді. Кез келген сауда орнынан тұтынушы чек талап етуге құқылы. Бұл – мемлекеттің экономикасының артуына ғана емес, тұтынушының өз игілігіне қажетті, – деді Ерғали Абдрахманов.
Расында көлеңкелі бизнеспен күресудің тиімді жолы – тұтынушылардың чек талап етуі. Сауда айналымын жүргізген кәсіпкерлік нысанынан чек талап ету арқылы кез-келген уақытта сол затын ауыстыруға, тұтынушы болғанын дәлелдеуге құқылы екенін біліп жүрген жөн. Тақырыпқа тұздық. Ендігі сөзімізді нақты дәлелмен жандандырсақ.
Жуырда қазалылық курстасыммен хабар­ласқан едім. Әңгімесін «сүйіншілеп» бастаған ол, ағасының смартфон сыйлық жеңіп алғанын жеткізді. Қалай дейсіз ғой? Алдымен, өзі сауда жасаған кәсіпкерлік нысаннан чек талап еткен, содан соң, ұялы телефондағы «Play Маркеттен» «Таңдау» бағдарламасын қондырғыға енгізген. Бағдарламаға тіркелген соң, чекті фотоға түсіру арқылы «Таңдау» мәзіріндегі «Чек талап ет те, сыйлық ал» республикалық акциясына жіберіпті. Біраз күндерден соң, кездейсоқ сандар генераторының арқасында жеңімпаз деп танылып, қомақты сыйлыққа кенелгенді.
Міне, нақ осы акцияға сіздің де қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Тамыз айының 8-не дейін жалғасатын жоба – тұтынушының құқығын қорғау қағидасын арттыру, халықты чек талап ету жүйесіне үйретуге бағытталған. Яғни тұтынушы сауда орындарынан чек талап ету арқылы көлеңкелі бизнеске тосқауыл қояды, әрі сол заттың сапасыз, жарамсыз екенін дәлелдеуге құқылы болады.
– ТМД мемлекеттері ішінде салық мөлшерлемесі ең төмені – Қазақстан. Ресейде қосымша құн салығы – 18 пайыз болса, ал Қазақстанда – 12 пайыз. Қазір онлайн режимінде жұмыс істеушілердің табыс салығы 3 пайыз көлемінде қалыптасып отыр. Патентпен жұмыс жасаушылар табысының бір пайызын ғана төлейді. Басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш он пайызға дейін барады. Сондықтан, салықтан жалтару деген ұғым болмауы тиіс. Әрі тұтынушылар да салық жүйесіне салғырттықпен қарамауы тиіс. Қажетті чекті талап ету арқылы мемлекеттік кіріс көлемінің артуына үлес қосқаны абзал, – дейді басқарма басшысының орынбасары Талғат Сүлейменұлы.
Маманның пікірінше, чек талап етуге байланысты сауда орталықтарының алдында арнайы түсіндірме жұмыстары жасалып тұрады. Алдағы уақытта да бұл мәселеге байланысты ауқымды шаралар атқарылмақ.
Айта кететіні, халықтың саудадағы сауат­тылығына қойылар талаптың бірі – чектің түрлерін ажырата білу. Яғни тауар чегі мен фискалды чек деп екіге бөлінеді. Тауар чегі сол кәсіпкерліктің ішкі есебін білу үшін қажет болса, фискалды чек түскен сауданың нақты көрінісі салық орындарына тікелей көрсетілетін айғақ. Сондықтан тұрғындар мен тұтынушылар сауда жасау мен қызмет алу кезінде тауар чегі мен қоса фискалды чекті де бірге талап етіп, бюджетті толықтыруда өз ықпалын тигізуі тиіс.

P.S.: Сауда сауаттылығының бір бөлігі – чек талап ете білу. Бұл ел игілігімен қоса тұтынушының талғамы үшін қажетті. Олай болса, цифрлы қоғамға көш бастаған қоғамда өз міндетімізді біліп, заңды чекті талап ете жүрейік!

Ханзада ДОШАН
27 шілде 2019 ж. 871 0