№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫҒА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫҒА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

252 мың 500 теңге. Бұл ынталы жас кәсіпкерге берілетін қайтарымсыз қаржының көлемі. Мұндай грантты 200 жаңақорғандық жастың алуына мүмкіндігі бар. Бірақ қалай қол жеткізеді? Қандай талап, шарттары бар? Бұл жөнінде аудан әкімдігінде өткен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында белгілі болды. Бұған дейін, тоқсанына бір мәрте өтетін кеңес, енді аймақ басшысының тапсырмасымен ай сайын өтетін болып шешілді. 
Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен кеңестің күн тәртібінде аудан жастарын жұмыспен қамту, кәсіпке бағыттау және қолдау шаралары сөз болды.
Бірінші кезекте, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында ауданда қандай жұмыс атқарылуда? Өткен жылы бұл бағдарламаның игілігін қанша адам көрді? Бұл жөнінде аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» басшысы Жаңабек Тұрлыбеков баяндады.
– 2018 жылы халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары қабылданып, 3959 тұрғын жұмыспен қамтылу керек болса, меже 113 процентке орындалды. Яғни, 3970 жұмыссыз тұрғын қызметке орналастырылды. Оның ішінде, тұрақты және әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыс пен жастар практикасына 2780 адам тартылды. Сондай-ақ, 14 мәрте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 309 азаматқа жолдама берілсе, – деді мекеме басшысы.
Оның сөзінше, мемлекеттің қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз кәсібін ашуға мүмкіндік мол. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ-бағыты бойынша кәсіп жасағысы келген жастарды несиелендіру жұмысы жүргізіледі. Біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың тех­ни­калық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Екіншіден, жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Үшінші, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыру. Оған қоса, өткен жылы жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға бағытталған гранттық негіздегі 100 АЕК көлеміндегі қаржылай қолдау берілген.
Мекеме басшысының сөзінен белгілі болғандай, биыл аудан жастарына  100 АЕК көлемінде 200 грант бөлінеді екен. Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген әрбіразамат 252 мың 500 теңге көлемінде ақша алады. Аталмыш жобаға қатысқысы келген тұрғындар міндетті түрде «Бастау-бизнес» немесе «Еңбек» бағдарламасы аясындағы кәсіпкерліктің алғышарттары туралы курстарды оқуы шарт.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе 14-29 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік демографиялық сипат­тамасы және олармен атқарылған жұмыстары жайлы Жайылма, Кейден және Келінтөбе ауылдық округ әкімдері есеп берді. Ауылда қанша жас бар, олардың ахуалы қандай, жұмыссыздық мәселесі шешілген бе, ауыл әлеуетін көтеруде не атқаруда? Осы сауал  төңірегінде жауап іздеген әкімдер ауыл жастарының бүгінгі ахуалын баяндады.
Өз кезегінде аудан әкімі Ғалым Әміреев қолынан іс келетін жастарға қолдау шараларын барынша кеңейту жөнінде сөз етті.
– Президент «Жастар жылының» ашылуында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, Елбасы жастарды жұмыспен қамту жөнінде: «Жастар саясатындағы негізгі мәселе – жұмыспен қамту. Ғалымдардың болжауынша, 2050 жылы бүгінгі таңдағы мамандықтардың 50 пайызын жасанды интеллект алмастырады. Бұл мамандықтардың ішіне саудагерлер, жүргізушілер, заңгерлер мен экономистер кіреді. Ал, ғалымдар, топ-менеджерлері, мәдениет қайраткерлері, ІТ саласының мамандары мен жоғары санатты дәрігерлерді жасанды интеллекте алмастыра алмайды», – деді. Яғни, алдағы 30 жылда роботехниканың дәуірі келе жатыр деген сөз. Сондықтан өскелең жастарды заманауи білімге бағыттау керек, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, Ғалым Әміреев мемлекеттік бағдаралама аясында жүзеге асырылатын қайтарымсыз қаржыны  «Zhas projekt» арқылы ешқандай жобасы өтпей қалған 8 ауылдық округке басымдық беру керектігін жеткізді.  Ақпан айында өтетін жастар ісі жөніндегі кеңес отырысына аудан жастары нақты ұсыныс жоспарларымен келуін міндеттеді.
Түйін. Жастар жылы жаңаша ойлаудың, жаңаша түлеудің бастамасы, жаңаша жаңғырудың символы. Сондықтан да болар, жастар кеңесінде аудан әкімі нақты қолдау шараларын іске асыру жөнінде сала басшыларына тапсырма берді. Әсіресе, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының несиелендіру бағыты бойынша, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүйелілігін нақтылау, ауылдағы жастарға көп қолдау шараларын жасау керектігін атап өтті.
                  
 
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
03 ақпан 2019 ж. 2 137 0